Экологияны және биологияны оқыту әдістемесі


Өзін-өзі тексеру тапсырмасы



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата24.01.2022
өлшемі187,38 Kb.
#113967
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
Кіріспе, Жәңгір хан 2
Өзін-өзі тексеру тапсырмасы:

1.

Экологияны эволюциялық теориямен байланысы. 



2.

Экология және қазіргі эволюциялық теория арасындағы өзара байланысы. 

3.

Тіршілік үшін күрес экосистемадағы популяциялар арақатынасының бірлігі. 



4.

Эволюциялық үрдісте экожүйе тіршілікті реттеуші орта. Биогеоценоз және биосфера эволюциясы.



Әдебиеттер: 1-4

Тақырып 2.

 Экологияны оқытудың әдістемелік негізі.

Мақсаты: Экология негіздерін методологиялық тұрғыда баяндау. Жалпы ғылыми ықпал; ішкі динамикалық тепе-

теңдік заңдылығы; үйлесімділік заңдылығы; генетикалық жүйе заңдылығы; сукцессионды бәсеңдеу заңдылығы жайлы

түсіндіру әдіс-тәсілі.

Жоспар:


1.

И.В. Вернадский қағидалары, олардың экологиялық ұғымдар даму жүйесінде атқаратын ролі. 

2.

Молекулалық-генетикалық деңгейді қарастырудағы экологиялық құбылыстар. 



3.

Тірі   табиғаттың   популяциялық   деңгейде   ұйымдасуы-экологияның,   генетиканың   және   эволюциялық   ілімді

түсіндіру.

1.

Х1Х ғасырдың басында ғылымға “биосфера” түсінігін еңгізген француз жаратылыстанушысы Ж.Б. Ламарк 



(1744-1829) болған. “Биосфера” терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін “гидросфера”, “литосфера”, 

“тропосфера” ұғымдарымен бірге Х1Х ғасырдың аяғында атақты австрия геологы Э. Зюсс (1831-1971) ұсынды.

Биосфера немесе экосфера – жердің ір қабаты, тірі организмдер өмір сүретін орта. Биосфера тропосфера, гидросфера, 

литоосферадан тұрады. Биосфераның жоғарғы шекарасы озон қабаты болып есептелінеді (15 км). Биосфера туралы 

ілімнің негізін қалаушы В.И. вернадский. Оның негізін В.И. Вернадский “Биосфера” деген кітабында жазған.

Оның түсінігі бойынша биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын 

не ұшыраған бөлігін айтады (литосфера).

Биосферадан кейін ноосфера ұғымын алғашқы рет Эдуард Леруа және палеонтолог Пьер Тейляр Шарден (1927ж) болды. 

Ол 1959 жылы жарық көрген “Адам феномені” еңбегінде ноосфераның “жаңа қабат”, “ойлайтын қабат” деп атады.

Вернадский бойынша ноосфера адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан 

геологиялық күшке айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады. Ол өзінің ең соңғы еңбегінде ноосфера – 

сана, ақыл-ой қабаты деді.

Одан 1974ж ағылшын ғалымы Б. Конномер тірі және өлі табиғатың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым-

қатынастарды төрт заңға біріктірді.

Бірінші заң – барлығы барлығымен байланысты. Мысалы оңтүстік аралдардың бірінде дәрінің көмегімен масаларды 

өлтірген. Соның салдарынан масамен көректенетін кесіпткелер қырыла бастаған. Содан соң кесіпткелермен көректенетін 

жабайы мысықтар саны кеми бастаған. Нәтижесінде тышқандар саны күрт артып кеткен. Олай болса масалар да 

экожүйенің маңызды құрам бөлігі.

Екінші заңы – материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Мысалы тыныс алу 



нәтижесінде бөлініп шығатын қанықан көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін керек. Өсімдіктер жануарлар тыныс 

алуы кезінде сіңіретін оттегін бөліп шығарады.

Үшінші заң – табиғат өзі жақсы біледі. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат 

жасалмайды. 

Экологияның заңдары

Экологиялық факторлардың көптілігіне қарамай олардың ағзаларға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауабы ретінде 

беретін реакциялары бойынша жалпы заңдылықтар болады.

Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық факторлардың интенсивтілігі оптимум деп аталады. 

Көптеген түрлердің гүлденуі, көбейюі үшін оптималды температура керек.

Түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделу қабілетін экологиялық 

валенттілік деп атайды.

1840ж  Ю. Либих ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен 

анықталынатының дәлелдеді. Оны Либихтің минимум заңы немесе ережесі деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға

болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.

Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері (максимум) шектеуші әсер етеді.

минимум мен қатар максимумның да шектеші әсері туралы түсінікті 1913ж В. Шелфорд дамытты. Оны Шелфордтың 

толеранттылық заңы деп атап, былай тұжырымдайды:

Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы

ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.

Реди принципі бойынша, тіріден тірі пайда болады, тірі мен өлі арасында байланыс жоқ, бірақта өзара әсерлесу бар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет