Экологияны және биологияны оқыту әдістемесі


Экологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті іскерліктер мен дағдылар



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата24.01.2022
өлшемі187,38 Kb.
#113967
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
Кіріспе, Жәңгір хан 2
Экологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті іскерліктер мен дағдылар.

 

Мектеп оқушыларды табиғатты қалай зерттеу мен қорғауға, оның жағдайын бағалауға, экологиялық білімдерді



өздерінің жолдастарының және ересектердің арасында насихаттауға үйрету тиіс.

Оқушыларда табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті тәрбиелеу керек. Осы

қызметке қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру мектептегі оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі болуы

тиіс.


Оқушыларға экологиялық білім берудің  мақсаттарының бірі-әр түлекте әр түрлі іс-әрекетте қоршаған  табиғи

ортада   саналы   түрде   өзінің   мінез-құлқында   жауапкершілік   ережелерін   сақтауға   деген   қажеттілікті   тәрбиелеу   болып

табылады.

Орта  білім беретін  мектептің  түлегінің  экологиялық сипаттағы білімі мен  іскерлігіне қойылатын  талаптарды

есепке ала отырып, негізгі іскерліктер мен оны құрайтын дағдыларды сипаттайық.

Экологиялық білім беру тұрғысынан алғанда ең маңызды нәрсе оқушының қоршаған орта жағдайын бағалай

білуі   болып   табылады.   Ал   бұл   оқушының   гуманитарлық   және   жаратылыстану   –   ғылыми   циклдағы   пәндерді   оқу

барысында меңгерген іскерліктер мен дағдыларын қаншалықты дәрежеде дұрыс қолдана алуына байланысты.

Іскерліктер   мен   дағдылардың   дамуы   процесінде   өз   бетінше   зерттеу   жүргізу   барысында   танымның

интеллектуалды  және  эмоционалдық  бастамаларының  өзара  байланысы күшейеді.  Нәтижеде  жеке  адамның  маңызды

қасиеттері қалыптасады – сенімділік, ол оқушының жеке тәжірибесіне негізделеді. Оқушылардың арнайы бағытталған

зерттеу жұмыстарын жүргізуі барысында пайда болған бағалық ойлар контекстіне кірген білімдер тәрбиелік маңызға ие

болады.   Сондықтан   оқушылар   адамның   қоршаған   табиғи   ортадағы   мінез-құлқының   адамгершілік   және   құқықтық

негіздерін ой-санасына тез қабылдайды /8/.




Қоршаған орта нәтижелі тәрбие құралы болуы үшін, педагог оқушыны қоршаған орта жағдайын жақсартудың

белгілі   бір  іс-шараларын  бағытталған   түрде  қатыстырып  отыруы   тиіс.  Оқушы   табиғат  оъектілерін  тиімді  пайдалану

немесе қорғауды үйренеді, олар оқушы үшін еңбек және қамқорлық көрсету заты болады да, ал осы объектілерге қатысты

құқықтық және этикалық талаптарды орындау – мәнез-құлық ережесі болып табылады. 

Өмірде нақты маңызды әскерлікке қоршаған табиғи ортаны ластану мен бұзылудан қорғау жатады. Мұнда үш

түрлі іскерліктердің маңызы зор.

Іскерліктердің бірінші түрі – жеке мінез-құлқындағы мәдениеттілік (мысалы, қоршаған ортада теріс қылықтарды

жасамау, шөптерді таптамау, тұрмыстық қалдықтармен ластамау, шуламау және т.б.).

Екіншісі, басқа адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде табиғи ортада пайда болған теріс нәтижелердің алдын алу не

жоюға   бағытталған.   Мысалы,   броконьерлікті,   табиғатта   өзін-өзі   ұстау   ережелерін   бұзуға   қарсылық   жасау.   Мұндай

іскерліктер белгілі бір сезімдік-жігерлілік сапаларды тәрбиелеуді, адамдармен еркін араласу дағдыларын қажет етеді.

Үшінші   түрдегі   іскерліктер  пайда  болған  теріс,   жағымсыз   құбылыстарды   еңбек  іс-әрекеті   нәтижесінде  жою.

Мысалы, басталып келе жатқан өртті өшіру, топырақты эрозиядан қорғау, рекреация аймағындағы қоқыстарды жинау,

балықтардың жас шабақтарын және т.б. жануарларды қорғау.

Экология мен  табиғат қорғаудың  қазіргі мәселелерін насихаттаудағы  іскерліктер мен  дағдылар оқушылардың

экологиялық   білім   беруін   қорытындылайды.   Себебі,   оларды   жүзеге   асыру   тіршілік   жағдайларында   орта   және   оны

қорғауға кең теориялық білімдерге сүйенуді қажет етеді /14/.

Оқушылардың экологиялық  білімдерді халық арасына тартудағы рөлі ерекше. Мұнда тек материалды игеру аз,

сонымен қатар өзінің көзқарастарын қорғауға эмоционалдың – мотивациялық дайындық, белгілі бір моральдік позиция,

жігерлік сапаларды арнайы шынықтыру және әдістемелік өзгерістерді қамту қажет. Оқушы алуан түрлі ақпарат көздерін

пайдалана білуі  керек, өз ойын айтудың  логикасы мен психологиясын, тыңдаушылар үшін тиімді жолмен  ақпаратты

жеткізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет