Экономическая оценка эффективности медикаментозной терапии


ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ТҮСІНІГІНЕ АНЫҚТАМА



бет7/18
Дата08.04.2022
өлшемі276,5 Kb.
#138501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІ

ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ТҮСІНІГІНЕ АНЫҚТАМА

1990 жылы Мак Мастер университетінің (Торонто, Канада) ғалымдарымен (Sackett et al.) «evidence-based medicine», «Дәлелге негізделген медицина» - деген ұғым енгізілді.


Әуелде дәлелге негізделген медицина немесе дәлелді медицина – «жеке бір науқасты не болмаса науқастар тобын емдеу кезінде шешімдерді нақты, ар-ұждан, түсінікпен қабылдау» деген мағына берсе (Sackett, D.L.,1996)., кейіннен дәлелді медицинаның мағынасы «клиникалық тәжірибе және науқас қажеттіліктерін ақтайтын зерттеу нәтижелерін интеграциялау» деген анықтамаға ие болды (Sackett, D.L. 2000).
Дәлелді медицинаның басқа да анықтамалары бар:
- дәлелді медицина дегеніміз зерттеулер жүргізген кездегі, мамандар бақылауы мен пациенттердің хабарламасы нәтижесіндегі алынған сенімді клиникалық мәліметтерді жинау, интерпретациялау және интеграциялау;
- дәлелді медицина дегеніміз оптимальды клиникалық шешім қабылдауға көмектесетін медициналық ақпаратты іздеу, талдау, жалпылау және қолдану технологиясы;
- дәлелді медицина – диагностика мен терапияның критерияларын таңдауға субъективті факторлардың аз дәрежеде әсер ететіндігімен ерекшеленетін және дәрігерден әр түрлі эксперттер пікірі мен клиникалық зерттеулер нәтижелерін сын көзбен бағалауды талап ететін клиникалық медицинаның парадигмасы;
- дәлелді медицина дегеніміз – медициналық әрекеттердің оптимальды варианттарын таңдаудың ақпараттық технологиясы;
- дәлелді медицина – клиницистердің жүйелі сұрақтарды құрастыру жолымен, диагностика, ем, профилактика бойынша машықтарын жетілдіру.
Аталған дәлелді медицина анықтамаларының көптігіне қарамастан, олардың барлығында бір конструктивті мағына бар: ДМ потенциальды мүмкіндіктерді дәрігердің интуициясы мен кәсіби біліктілігін толықтырады, беделді эксперименттердің пікірі мен мемлекеттік, региональды, популяциялық, субпопуляциялық деңгейлердегі клиникалық ұсыныстар (протоколдар) мен анықтамаларды емнің тиімді, қауіпсіз, үнемді жаңа жолдарымен толықтырады (Горьков В.А. и др., 1999).
Көптеген ғалымдар дәлелді медицинаны ғылым емес, клиникалық эпидемиологияның ғылыми принциптерінен туындайтын әдіс, яғни ДМ дегеніміз клиникалық эпидемиологияның белгілі бір әдістемелік принциптерін тәжірибеде жүзеге асыратын жол деп қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет