Студенттерге қойылатын талаптар:
Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқия, толық жағдайда жауап берсе, ғана алады.
Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.
Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып қоюы керек.
Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.
Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.
Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай).. ПОӘК – ні кітапхана және кафедра кабинеттерінде бар.
Осы пән бойынша туризмді мемлекеттік реттеу және даму деректерін бейнелеудің кестелік, графикалық әдістері тақырыбын өткенде Қазақстандағы, БҚО-дағы туризм жағдайын бұрын қағаздарға салынған кесте-сурет түрінде көрсететін болсақ, қазіргі кезде туризмнің өсімін, үлес салмағын сипаттайтын диаграмма, гистограмма, картограммаларды графопроектор, компьютерлік графика арқылы сабақта студенттерге көрсету жоспарланып отыр.
13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.
Мамандандырылған аудитория, кабинет және лабораториялар. № 2 корпус, аудитория № 301,308
Достарыңызбен бөлісу: |