Формальды емес топ – өз еркімен құрылған, психофизиологиялық қызығушылық негізінде құрылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Басқарудың әлеуметтік- психологиялық әдісі дегеніміз не?
2.Жеке тұлға дегеніміз не?
3.Ұжым дегеніміз не?
4.Ұжым түрлерін ата?
Әдебиеттер : 1,2,3,5.
1.Тақырып : Менеджменттің ішкі және сыртқы ортасы.
2.Қарастыратын сұрақтар;
1.Сыртқы ортаны бағалау және талдау.
2. Ішкі ортаны бағалау және талдау.
3.Дәрістің мақсаты: Тақырыпты жан-жақты қарастырып , ақпарат беру.
4.Дәріс мазмұны:
I Басшы мақсатты айқындағаннан кейін стратегиялық жоспарлау процесінің диагностикалық кезеңін бастайды. Әуелі сыртқы ортаны үш параметрі (өлшемі) бойынша зерттейді.
Ағымдағы стратегиясының әр түрлі аспектілеріне ықпал ететін өзгерістерді бағалау.
Фирманың ағымдағы стратегиясына қандай факторлар қауіп төндіретіндігін анықтау. Бәсекелестер қызметін бақылау басшыға кездейсоқ қауіп-қатерге әзір болуына мүмкіндік береді.
Жоспары түзету арқылы жалпы фирмалық мақсатқа жету үшін қандай факторлардың көбірек мүмкіндік беретіндігін анықтау.
Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы стратегиялық жоспарды жасаушылар ұйым тарапынан тысқары факторларды бақылап, фирмаға төнетін қауіп-қатер мүмкіндігін анықтайды.
Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкіндікті болжалдау уақытына, кездейсоқ жағдайда жоспар жасау уақытына, қауіп-қатер төнген жағдайда күні бұрын ескерту уақытына және стратегияны белгілеу уақытына мүмкіндік береді.
Сыртқы ортаны талдау мынандай сұрақтарға жауап береді:
Ұйым қазір қайда орналасқан?
Жоғарғы басшының пікірінше, болашақта ұйым қайда болуы тиіс?
Ұйым қазіргі орналасқан орнынан, басшының ойынша орналасуға тиісті орынға ауысуы үшін басшы не істеуі керек?
Сыртқы ортаны талдағанда мынадай факторларға көңіл бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |