Экономика және баскару институты. «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы. Туризм



бет93/134
Дата04.10.2020
өлшемі1,27 Mb.
#63955
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   134
4.Дәріс мазмұны:

1). Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда дербес әрекет етуге, балама шешім варианттарын ойластыруға тура келеді. Сонымен қатар мұндай жағдайларда сыртқы ортадан қауіп – қатер де күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан тәуекел ету экономикалық өмірінің ажыратылмайтын бөлігі болып саналады.

Оксфорд сөздігінде тәуекелге « зиянға немесе шығынға үшырау мүмкіндігі» деген анықтама берген. Тәуекел ету ең алдымен шаруашылық нақты жағдайдан ауытқығанда, шығынға ұшырау қаупі төнгенде және сонымен қатар пайда табу мүмкіндігі туғанда пайда болады.

Мемлекетте батыл шешімге барғысы келмейтін басшы, ұйым үшін қауіпті, оны тоқыраға ұшыратушы деп саналады. Әдетте батыл шешім қабылдаудан тайсақтайтын менеджерлнр творчествалық ізденіске бейімсіз, шаруашылық міңдеттерді жүзеге асыруға қабілетсіз адамдар ретінде бағаланады.

Тәуекел ету әрекеті белгілері бойынша жіктеледі:

1. Пайда болу орнына қарай:

А) шарушылықтың өзіндегі

Б) адамдардың жеке басына байланысты

В) табиғат факторларына байланысты

2. Пайда болу себебіне қарай:

А) болашақтағы

Б) әріптестер әрекетінің белгісіздігі

В) мәліметтердің жеткіліксідігі

5). Проблеманы жедел шешудің кен тараған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдық генерациялау – «ми шабуылы» тәсілі. Мұнда әуелі бір проблемаға назар аударадыц. Содан кейін кез келген идеяны, оның орынды – орынсыздығына немесе тәжірибелік құндылығына күмәнді бола тұрса да қарастырады. Артықшылығы: Бұл тәсіл көптеген жақсы идияны жинауға мүмкіндік береді. Әр түрлі көзқарастар талданады. Кемшілігі – секциаға қатысушылардың барлығы бірдей проблеманы жете түсінбеуі және толық таныспауы, сол себептен олар оны шешуге өз үлестерін қоса алмауы мүмкін.



Пікір жинау тәсілі. Проблема жекелеген міндеттерге жіктеледі. Эксперттерге қойылған проблемалартұтастай хабарланып, солардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізуді тапсырады. Артықшылығы – эксперттер қолайлы жағдайды міндетті шешумен шұғылдана алады. Кемшілігі: ұсыныс талқыланбайды, проблеманы шешу көзқарасы субъективті.

Дельфа әдісі. Мұнда проблемаларды шешуге мамандар мен эксперттер, соның ішінде басқа ұйымның кенесшілерітартылады.

Морфологиялық тәсіл. Проблемалар көптеген міндеттер мен мәселелерге жіктеледі. Әрбір шешімдер белгіленеді, осыдан кейін олар салыстырылады. Содан кейін шешім таңдап алынады да, тұтастай проблеманы шешуүшін жинақталады. Артықшылығы – проблема мәнәң терең түсінуге және ұғынуға мүмкіндік береді. Кемшілігі – шешілетін проблема аясының тым тарлығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет