«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы



бет52/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

Нақты инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау;

  • Қаржылық инвестиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау.

    Инвестициялар мына төмендегі белгілерге байланысты бөлінеді.

      1. Құрылымы бойынша:

    а) Жалпы инвестициялар – жаңа (немесе ауыстыруға) негізгі капиталға жұмсалған капитал мөлшері.

    б) Таза инвестициялар – ауыстырылған негізгі капиталдан аммортизация құнын шегергеннен кейінгі жұмсалған капитал.



      1. Инвестициялау нышандары бойынша:

    а) Кәсіпорынның негізгі қорына жұмсалатын инвестициялар – ғимарат құрылыстары, ірі көлемді құрылыстар, құрал-жабдықтар үшін;

    б) Тұрғын үй құрлысына инвестициялар.

    в) Сақтық қор инвестициялары.


    1. Субьектілер бойынша – мемлекеттік жекеменшік және сыртқы кәсіпкерлік инвестициялардың екі түрі болады:

    а) Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік кәсіпорындарды инвестициялау;

    б) Портфельдік инвестициялар – пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация және басқа құнды қағаздарды сатып алу үшін жұмсалған инвестициялары.


    Қорытынды

    Осы бөлімді қорытындылай келсек, кәсіпорынның шеңберлі айналымымен толық таныстырылды, кәсіпорындағы негізгі және айналмалы қорлардың қалыптасуы қарастырылды. Дәрісте негізгі және айнымалы капитал (қор), негізгі капиталдың табиғи және моральдық құнсыздануы, амортизация, кәсіпорынның айнымалы қорлары, инвестициялар ұғымдары кеңінен ашылып қарастырылды, яғни дәріс өз мақсатына жетті.

    Дәріс – нақты жағдайларды талқылау

    8 Тақырып Фирма және кәсіпкерлік теориясы. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табыстары.

    Дәріс 8.

    1.Кәсіпкерліктің мәні. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері.

    2. Фирманың мәні. Фирманың мақсаты мен қызметтері. Фирманың жіктелуі мен оның экономикадағы рөлі.

    3. Фирманың шығындарының жіктелуі және құрылымы.

    4. Фирманың жалпы, орташа және шекті шығындары.Фирманың пайданы жоғарылату шарты.
    Дәрістің мақсаты: қазіргі кездегі және дәстүрлі көзқарастарды талдау мен оны шешуде мәселенің пайдалылық функциясының құрылымын қарастыру.
    Негізгі ұғымдар: акционерлік қоғам, концерн, серіктестік, шығындар, табыс түрлері, т.б.
    Кәсіпкерлік – заңмен рұқсат етілген, меншік, жалданған мүлік есебінен табыс табу мақсатымен жүргізілген шаруашылық немесе басқадай қызмет түрлері. Кәсіпкер- иелігіндегі мүлікті т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде өз бастамасымен шешімдер қабылауға және кез-келген іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы заңды ұйым немесе жеке азамат. Кәсіпкерлік істі бастамас бұрын: Не өндіремін? Қалай өндіремін? Кім үшін өндіремін?

    Кәсіпкерліктің ерекшеліктері: Дербестік және тәуелсіздік; Экономикалық ынталық; Шарушылық тәуесел және жеке жауапкершілік; Жаңашылдық, т.б.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет