«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау



бет61/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада шағын бизнестің дамуы өте маңзды рөл ойнайды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму формалары, шағын бизнестің дамуына әсер ететін факторларды анықтап қарастыру. Франчайзинг мағынасын ашып, біздің елде франчайзинг қолданыла ма, зерттеу.

Өндіріс барысында өнім өндіруге кеткен шығындарды анықтау қажет, сол себепті шығынның мәніне, оның түрлеріне, сипатына толық зерттеу жасау. Бір өнімге кеткен шығынды анықтау үшін қандай шығындарды есептеу қажет? Пайда мен табыс арасындағы айырмашылықты ажырата білу. Пайда түрлері. Капиталдың түрлері, негізгі капиталдың тозуы, капитал айналымының шапшаңдығы


Кеңестік дәріс

9 Тақырып Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы.

Дәріс 9

1. Өндіріс факторлары нарығының қызмет ету ерекшеліктері.

2.Еңбекақының мәні және нысандары.

3.Капитал нарығы және оның құрылымы.



4. Жер рентасы.
5. Пайда кәсіпкерлік табыс ретінде.
Дәрістің мақсаты: дәріс уақыт аралығында қарастырылып отырған тақырып бойынша лектор студенттердің келесідей сұрақтарына жауап береді: өндіріс факторларының маңыздылығы, олардың табыс көздері, еңбек, капитал, жер факторлары, жалақы, пайыз, рента, т.б.
Негізгі ұғымдар: еңбек, капитал, жер факторлары, жалақы, пайыз, рента, т.б.
Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Бұл тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен пайыз, жер рентасы. Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығына тән қасиеттер: жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс); әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы); еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі; жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы. Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы. Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақы екі факторға тәуелді: Номиналды жалақыға. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне. Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады. Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі. Еңбек нарығы. Р S Е Ре P0 D Qе Q Егерде жалақы Ре-ден төмен болса сұраныс ұсыныстан артады, яғни еңбеккерлердің саны кем болады. Егерде жалақы Ре-ден жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артады, яғни жұмыс күші саны артық болады. Р - жалақының мөлшері; Q - жұмыс орнының саны. П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады: халықтың жалпы саны; жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен; белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл); халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес. Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі). Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі. Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі. Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады: мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді; келісімдік жалақы еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді. Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады. Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі. Лоренц қисығы. табыс% 100 С 80 60 В 40 20 D отбасы% 0 А 20 40 60 80 100 АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады. АВС - табыстың нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейі “Джинни коэффициентімен” есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу теңсіздігі де өседі. Кдж= АВС ауданы АДС ауданы Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады. Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады. Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді. Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады. Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді: инвестицияның пайдалылығына, экономиканың дамуына, мемлекеттің сұранысына, салым мерзіміне, салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға. Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номинальды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері. Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді: Жер құнарлылығы; Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы. Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады. Жер нарығы. Р S Е Ре P0 D Qе Q Жердің ұсынысы абсолютті икемсіз, сондықтан ұсыныс тік сызық түрінде болады. Жер нарығында тек сұраныс көлемі, бағаға байланысты өзгереді. Р – жердің бағасы; Q – жердің көлемі. Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті. Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді. Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді. Қорытынды Қорытындыласақ, өндіріс факторларының маңыздылығы, олардан алынытын кіріс көздері, адам факторы және жалақы, капитал факторы және пайыз, жер факторы және рента ұғымдары нарықтағы факторлық табыстар сипатында мағынасы кеңінен ашылып көрсетілді. 9-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау Өндіріс барысында өнім өндіруге кеткен шығындарды анықтау қажет, сол себепті шығынның мәніне, оның түрлеріне, сипатына толық зерттеу жасау. Бір өнімге кеткен шығынды анықтау үшін қандай шығындарды есептеу қажет? Пайда мен табыс арасындағы айырмашылықты ажырата білу. Пайда түрлері. Капиталдың түрлері, негізгі капиталдың тозуы, капитал айналымының шапшаңдығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет