«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Кәсіпкерліктің түрлері, нысандары және жіктелуі



бет63/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

Тақырып 11. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың ерекшеліктері

1. Кәсіпкерліктің түрлері, нысандары және жіктелуі.


2.Шетелдік капиталдын қатысуымен жузеге асырылатын кәсіпкерлік.
Дәрістің мақсаты: макроэкономикалық тепе-теңдіктің мәнің ашу, экономикалық өсудің мәнің ашу, экономикалық өсуге әсер ететін факторларын анықтау.
Жартылай, жалпы және нақты тепе-теңдік. Жалпы экономикалық тепе-теңдік моделдері. Экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы. Экономикалық өсу және экономикалық даму. Экономикалық өсу мен экономика білімінің жасампаздық саясаты. Экономикалық өсудің жаһандық үрдістері, экономиканың ресурстарды үнемдеу өсуіне көшу. Адами капитал қазіргі экономикалық өсудің манызды факторы ретінде. Қазақстан экономикасының дамуының приоритетті бағыттары.

Негізгі ұғымдар: экономикалық өсу, экономикалық цикл, дағдарыс, жарым-жартылай дағдарыс, салалық дағдарыс,аграрлық дағдарыс, құрылымдық дағдарыс.


Бизнес пен кәсіпкерлікті қолдаудың, мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын қолдау болып табылады. Қазақстан Республика заңында кәсіпкер азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі, барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді ізденумен байланысты шаруашылық қызметін кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Ал, бизнестің негізгі мақсаты - халықты жұмыспен қамтамасыз ету, оның проблемаларын шешу және еңбекке деген ынтасын дамыту, тұтыну нарығын мол ассортиментті тауарлармен және қызмет етумен толтыру.

Бизнеспен айналысу - ол өзіне де, халыққа да пайдалы өнімдер өндірумен қатар, ел экономикасын көтеруге де барынша көмегін тигізеді.

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда, қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану негізінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі. Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі. Тәуекел - жоспар немесе болжауда қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы.

Кәсіпкерліктің жаңалық ашусыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің 2 моделін қарастыруға болады: классикалық және инновациялық.

Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.

Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі және нарықтық реформа жолына енді түскен біздің республикамыздағы шағын кәсіпкерліктің ұйымдық нысандарының дамуын талдай отырып, біздегі бизнестің ұйымдық нысандарының шетелдегілерге жақындау тенденциясын байқауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет