Өзбекстан
Өзбекстан Республикасы Статистика орталығының ресми мәліметтері қазақтардың санын өте төмендетіп, 1 млн.-ға дейін жеткізіп отыр. Алайда қазақтардың саны 1 млн. 660 мың адам деп сеніммен айтуға болады, бұл шетелдегі қазақ диаспораларының үштен бірін құрайды. Олардың Өзбекстандағы жинақы тұратын жерлері Қарақалпақстан, Ташкент қаласы, Ташкент, Навои, Жызақ, Сырдария және Бухара облыстары. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзбек тарапына азаматтық алудың оңайлатылған тәртібі туралы келісім жасауды ұсынған болатын. Алайда Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі қолданылып жүрген ішкі заңдарына сілтеме жасай отырып оны кейінге қалдыруды ұсынып, оны қараудан бас тартты. «ҚР Азаматтығы туралы» Заңға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін бұл мәселе шешілді. Мамандардың болжамы бойынша Отанына оралғысы келетін обасылар саны таяу жылдарда күрт өсіп, көшіп шығу жаппай бұқаралық сипат алуы мүмкін.
•
Достарыңызбен бөлісу: |