«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет32/58
Дата06.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#173923
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Байланысты:
ЭК-лекция

Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

Мұнда ЕPS - ұсыныс икемділігі; ∆Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі; ∆ Р% - бағаның қатысты өзгеруі.
Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлуге болады:

  1. дәл кәзіргі кезеңде- өте (абсолюттік) икемсіз ұсыныс;

  2. қысқа кезеңде – икемсіз ұсыныс

  3. ұзақ мерзімді кезенде- икемді ұсыныс)

Тақырып бойынша қосымша сұрақтары:

  1. Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларды атаңыз?

  2. Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларды атаңыз?

  3. Нарыктағы артықшылық және тапшылық

  4. Өте икемді таурларға не жатады?

  5. Өте икемсіз тауарларға не жатады?

  6. Нарықтық экономикадағы баға белгілеу механизмі.

7 Тақырып Капитал айналымы және шеңбер айналымы.
Дәріс 7. Ақпараттық дәріс.
1.Капитал мәні. Капитал айналымы және шеңбер айналымы.
2. Негізгі қорлар. Амортизация.
3. Инвестиция және оның түрлері.


Дәрістің мақаты: Кәсіпорынның шеңберлі айналымымен танысып, кәсіпорындағы негізгі және айналмалы қорлармен танысу.


Негізгі ұғымдар: негізгі және айналмалы қорлар, амортизация, тозу, шеңберлі айналым

Капиталдың пайда болуының объективті алғы шарттары тауар өндірісінің белгілі бір дәрежеге жетуі және тауар-ақша қатынастарының дамуы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, капитал көпес және өсімқор капиталы түрінде өзінің өмір жолын ақша түрінде бастады. Әрбір жаңа капитал тауар нарығында, еңбек нарығында немесе ақша нарығында болсын, тағы да ақша түрінде көрініп, тек белгілі бір процестер арқылы капиталға айналады.


Капиталға К.Маркстің концепциясында жан-жақты, терең түсініктеме беріледі. Ол, бір жағынан, капиталдың мәнін, екінші жағынан – оның нақты көрініс нысандарын, яғни:

  1. өндіріс құрал-жабдықтарын тұрақты капитал ретінде;

  2. жұмыс күшін - өзгермелі капитал ретінде;

  3. ақшаны – ақша капитал ретінде зерттеді.

Маркстің пікірінше, ақша да, өндіріс құрал-жабдықтары да өздігінен капитал бола алмайды. Олар тек басқаның ақы төленбеген еңбегін пайдаланып, оның өнімін тегін иемденген кезде ғана белгілі бір өндірістік қатынастар құрамында ғана капиталға айналады.
Тауар айналысының формасы мына түрде болады: Т (тауар), А (ақша) – Т (тауар). Бұл формада тауар басқа бір тауарды сатып алу үшін сатылады. Ал капитал ретіндегі ақша айналысының формасы мұнан басқаша: А – Т – А, демек, сату үшін сатып алынады.
Тауар айналысы формасы Т – А – Т мен ақшаның капитал ретіндегі айналыс формасының А – Т – А арасында ұқсастық та, айырмашылық та бар. Бұл формалардың арасындағы ұқсастық мынада: біріншіден, Т – А – Т және А – Т – А формулаларының ауыспалы айналымдары сол бір қарама-қарсы фазалаларға: сатып алу және сату фазаларына бөлінеді; екіншіден, Т – А – Т және А – Т – А формулаларының екеуінде де бірдей екі заттық элементтер – тауар және ақша бір-біріне қарсы тұрады; үшіншіден, бұл ауыспалы айналымның әрқайсысы үш адамның қатысуымен жүзеге асады, олардың біреуі тек сатады, екіншісі – тек сатып алады, ал үшіншісі – бірде сатады, бірде сатып алады.
Т – А – Т және А – Т – А ауыспалы айналымдары арасындағы айырмашылық ең алдымен сол қарама-қарсы процестердің сатып алу мен сатудың кері дәйектілігінен көрінеді, бұл әрбір ауыспалы айналымдардың мақсаты мен мазмұны арасында елеулі айырмашылықтардың барлығын көрсетеді. Т – А – Т формасында қозғалыс тауар сатудан басталып, басқа бір тауарды сатып алумен аяқталады, бұл тауар айналыстан шығып, тұтынуға түседі. Демек, мұнда ақша иесі оны біржолата жұмсайды. Тұтыну, өз қажетін қанағаттандыру – Т – А – Т ауыспалы айналымның түпкі мақсаты, міне, осындай. Бұл қозғалыстың мазмұны – қоғамдық еңбек жұмсалған, сапа жағынан әртүрлі тұтыну құндарын бір-біріне айырбастау.
А – Т – А формасында қозғалыс тауарды сатып алудан басталады да, оны сатумен аяқталады. Бұл процестің бастапқы пункті де, соңғы пункті де – ақша. Мұнда ақша біржолата жұмсалмайды, тек алдын-ала жұмсалады. Ақшаны бұл формада жұмсау сипатының өзі оның қайта оралуымен байланысты болады, өйткені ақша қайтып оралмаса, қарастырылып отырған қозғалыс процесі аяқталмаған болып шығар еді. Ақшаның капитал ретіндегі қозғалысының шегі жоқ. Бір ауыспалы айналымның аяқталуы екінші ауыспалы айналымның басталуы болады, т.с. А – Т – А ауыспалы айналымының қозғаушы күші, белгілеуші мақсаты айырбас құны болып табылады. Бұл процестің шеткі пункттерінің екеуі де – ақша – сапалары бірдей тұтыну құны. Сондықтан да оның мазмұны сан жағынан айырмасы болуында, алынған ақша сомасының бастапқы алдын ала жұмсалған сомасынан артып түсуі ғана бола алады. Демек, А – Т – А ауыспалы айналымның мазмұны құнды арттыру, айналыстан, оған бастапқы түсірген ақшадан артық ақша алу.
Капитал ретіндегі ақша қозғалысының толық түрі А – Т – А түрінде болады, мұнда А = А+А, яғни бастапқы алдын ала жұмсалған ақша сомасына тең және өсім. Осы өсімді немесе бастапқы алдын ала жұмсалған құннан артық құнды К.Маркс қосымша құн (m) деп атады.
А – Т – А қозғалысы бастапқы алдын ала жұмсалған құнды капиталға айналдырады. Бұл айналысқа алдын ала жұмсалған құн тек сақталып қана қоймайды, сонымен қатар оған қосымша құнның қосылуы есебінен артады.
Сөйтіп, капитал дегеніміз – бұл өздігінен артатын құн немесе қосымша құн әкелетін құн.
Сонымен, біріншіден, капитал дегеніміз – зат емес, бірақ заттар арқылы көрініс табатын және сол заттарға ерекше қоғамдық сипат беретін, белгілі бір қоғамдық қатынастар болып табылады.
Екіншіден, барлық элементтері үнемі қозғалыста болатындар ғана капитал бола алады. Ақша үнемі қозғалыста болған жағдайда ғана капиталға айналады.
Үшіншіден, капитал дегеніміз жалдамалы жұмысшы жасаған, өздігінен өсіп, ұлғайып отыратын құн.
Осы аталған үш анықтама капиталдың мәнін толығымен сипаттайды. Құнның арту көзін табу үшін, А – Т – А процесінің заттық элементтерін – ақша мен тауарды қарастырып көрейік. Капиталға айналуға тиісті болған ақша өзінен-өзі қосымша құнның көзі бола алмайды. Ол ақша сатып алу және төлем құралы қызметін атқарады, өзіне сатып алынатын немесе өзі арқылы өтелетін тауарлар бағасын жүзеге асырады. Бірінші А – Т актісінде сатылып алынатын тауардың құны да қосымша құнның жасаушысы бола алмайды, өйткені эквиваленттер айырбасталады. Демек, құнның өзгеруі, оның артуы тауардың тек тұтыну құнынан, оны тұтынудан ғана туады. Капиталист нарықтағы айналыс сферасында тұтыну құны құн жасай алатын, оған қоса, өзінің құнынан артық құн жасай алатын тауарды табады. Мұндай ерекше тауар – адамның еңбекке қабілеттілігі немесе оның жұмыс күші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет