Экономикадағы корреляциялық байланыстар


Функционалдық және статистикалық тәуелділік туралы түсінік



бет2/3
Дата08.11.2022
өлшемі1,15 Mb.
#157151
1   2   3
Байланысты:
6-ЭКОНОМИКАДАҒЫ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР
1-Лекция, мараа
Функционалдық және статистикалық тәуелділік туралы түсінік. Құбылыстар және олардың белгілері арасындағы бай- ланыстарын екі типке бөлуге болады: фунционалдық немесе қатаң детерминдалған (мысалға, бір жұмысшыға есептегендегі өндірілген өнім көлемі, оның барлық өндірілген көлемі мен жұмысшылар санымен тәуелді) және статистикалық немесе стохастикалық детерминдалған (мысалға, еңбек өнімділігі мен өнімнің бір бірлігінің өзіндік құны арасындағы тәуелділік).
Экономикалық жүйедегі көрсеткіштердің (белгілердің) бай- ланыстары функционалдық және корреляциялық делініп екіге бөлінеді. Егер факторлық белгінің бір мәнінде нәтижелік белгінің бір мәні анықталса, онда байланыс функционалдық деп аталады. Егер факторлық белгінін бір бірлік өзгерісіне нәтижелік белгінің бірнеше мәні сәйкес келсе, онда байланыс карреляциялық делінеді.

Функционалдық тәуелділік математика және физика ғылым- дарында көп кездеседі. Мұндай байланыстар қоғам өмірінде, оның ішінде экономикалық үдерістерде сирек байқалады.





Негізгі үнемі байланыста болатын факторлармен бірге, әлеу- меттік-экономикалық құбылыстарға басқа да көптеген, оның ішінде кездейсоқ факторлар әсер етеді. Осы себепті әрбір бөлектелг ен жағдайда байланыс функционалдық тәуелділік сияқты көрінбей, байкалмай қалады, тек бақылау саны көп болғанда ғана «жалпы және орташа» сезіледі. Мұндай жағдайда статистикалық тәуелділік туралы әңгіме қозғалады.


Корреляция туралы түсінік. Корреляция - біреуінің өзгеруі басқасының математикалық күтілуінің өзгеруіне әкелетін, сонымен қатар функционалдық қатаң сипаты жоқ, кездейсоқ шамалардың бір-бірімен статистикалық тәуелділігі. Бір кездейсоқ шаманьң өзгерісі келесі бір кездейсоқ шаманың математикалық күтуін өзгеріске ұшырататын кездейсоқ шамалар арасындағы статистикалык тәуелділік
Жекеленген жағдайда статистикалық тәуелділік корреляция- лық тәуелділік болып есептелінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет