Нормативтік-анықтамалық ақпаратта өндірістік қатынастармен және процестермен байланысты анақтамалық және нормативтік материалдар болады. Нормативтік-анықтамалық ақпараттың мысалы ретінде бөлшек жасаудың технологиялық нормативтерін, кұндық нормативтер (бағалама, тариф, баға), жеткізушілер мен өнімді түтынушылар жөніндегі анықтамалық деректер және т.б. атауға болады.
Есептік-статистикалық ақпарат фирманың нақты қызметінің нәтижелері жоғарғы басқару органдары, мемлекеттік статистика органдары, салық инспекциясы және т.б. үшін көрсетіледі. Мысалы, жылдық бухгалтерлік баланс есептік-статистикалық ақпаратқа жатады.