Экономикалық ақпарат қоғамдағы өндірістік қатынастарды сипаттайтын ақпаратты білдіреді. Экономикалық ақпаратқа экономикалық жүйеде таралған мәліметтер, өндіріс процестері, материалдық ресурстар, өндірісті басқару үдерістері, қаржы процестері жөніндегі мәлімет, сондай-ақ әр түрлі басқару жүйелері алмасатын экономикалық сипаттағы мәліметтер жатады.
Ақпараттың ерекшеліктері.Ақпарат жөнінде сөз қозғалғанда оның ерекшеліктері жөнінде айтылады. Егер ақпарат істің шынайы мәнісін бұрмаламаса, онда ол дұрыс деп саналады. Егер ақпарат оны түсіну және шешім қабылдау үшін жеткілікті болса, онда ол толық болады. Егер ақпарат өзі арналған адамның тілінде болса, онда ол айқын әрі түсінікті болып саналады.