Экономикалық теория. Экономиканың зерттеу әдістері. Экономикалық теорияның функциялары



бет119/126
Дата04.02.2022
өлшемі331,68 Kb.
#130660
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   126
Байланысты:
Экономика теория Дәрістер 2022ж

Халықаралық несиебұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:

  1. Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.

  • байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);

  • қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.

  1. Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді.

  2. Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады.

  3. Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.

  4. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.

Әлемдік басты несие–қаржылық орталықтарға жататындар: Халықаралық валюталық қор (ХВҚ)

  • ол Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мекемесі болып саналады;

  • халықаралық ірі қаржы несие мекемесіне Дүниежүзілік банк жатады. Оған бір-бірімен байланысқан 4 халықаралық қаржы институттары енеді. Олар: Халықаралық даму және реконструкциялау банкі (ХДРБ), Халық аралық даму ассоциялары, халықаралық қаржы корпорациясы;

  • Қарыз беруші елдердің «Париж клубы»

  • Қарыз беруші банктердің «Лондон клубы» және т.б.

Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:

  1. жеке меншік және мемлекеттік капитал миграциясы;

  2. ақша және тауар капитал миграциясы;

  3. қысқа және ұзақ мерзімдегі миграциясы;

  4. қарыз және кәсіпкерлік капитал миграциясы.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді:

  • Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған.

  • Портфельдік инвестиция – шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды қағаздарға бағытталған.

Трансұлттық корпорациялар (ТҰҚ) қазіргі кездегі дүниежүзілік байланыстардың негізгі субъектілері, яғни елдердің компаниялары, акционерлік қоғамдардың бірігуі.
Әлемдік экономикада елдер арасындағы төлем мен есеп айырысу операциялары валюталық қатынастар арқылы жүргізіледі. Осындай валюталық қатынастар халықаралық валюта жүйесін құрайды. Валюта жүйесіне бірлескен валюта қорлары, халықаралық есеп айырысуда жүретін активтер, валюталық поритет пен оларды өзара келістіру жағдайлары, валюта мен алтынның әлемдік нарығы т.б. кіреді.
Ақша сыртқы экономикалық байланыстарға қатысқанда валюта түрінде қолданылады.
Валютаның түрлері: ұлттық, шетелдік валюталық бірлік (теңге, доллар, евро). Валюта айналымына байланысты:

  • конверсияланатын, яғни еркін айналатын валюталар;

  • жартылай конверсияланатын, яғни валюталық шектеулері бар елдердің валюталары;

  • конверсияланбайтын, яғни елдер арасындағы айырбасқа тыйым салынатын валюталар болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет