Экономикалық теория негіздері жоспары: Экономикалық теорияның пәні және функциялары


Нақты экономикалық ғылымдар: Салалық экономикалық ғылымдар



бет3/6
Дата01.04.2022
өлшемі0,58 Mb.
#137615
1   2   3   4   5   6
3. Нақты экономикалық ғылымдар: Салалық экономикалық ғылымдар
Функциональдық экономикалық ғылымдар
Экономикалық ғылымның басқа ғылымдармен байланысы - өнеркәсіп экономикасы - құрылыс экономикасы - ауылшаруаш ылық - экономикасы және т.б. - бухгалтерлік есеп - статистика - қаржы-қаражат - географиямен - тарихпен - демографиямен және т.б.
4. Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктер мен оларды қанаттандыру жолдарымен әдістерін зерттейді.
Қажеттілік – бұл адам баласының өмір сүруіне бір нәрсенің жетіспеуін сезінеді. Ол сезім оларды қызметке, күш – жігер жұмсауға, ойлауға итермелейді.
Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті РЕСУРСТАР шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды – материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды.
5. Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады.
Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады.
6. Қажеттіліктердің түрлері:
Алғашқы(төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер. Жеке қажеттіліктер– бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.
Ұжымдық қажеттіліктер- өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет