Экономикалық теория негіздері жоспары: Экономикалық теорияның пәні және функциялары



бет2/6
Дата01.04.2022
өлшемі0,58 Mb.
#137615
1   2   3   4   5   6
2. Экономика дегеніміз не?
Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн: - ең біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады;
екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады;
- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады. 
Экономика бұл адамның шаруашылық қызметімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынас, бұлар түрлі аймақтардың, елдердің шаруашылық жүйесі болып табылады, бұл қоғамның шаруашылық өмірінің қандай да бір бөлігін зерттейтін ғылыми пән. Мысалы, нарықтық, әкімшіліктік-әміршілдік экономика, Қазақстан экономикасы, дүниежүзілік экономика, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық экономикасы және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет