Экономикалық



бет3/3
Дата26.12.2022
өлшемі20,41 Kb.
#164412
1   2   3
Байланысты:
Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік

Мәнмәтіндік тапсырмалар


( мәтінде тек жалпы теориялық негіздері берілген)
Мәтінмәндік тапсырма - бұл оқушылардың тәжірибесімен байланысты нақты жағдаятты сипаттайтын ынталандырушы тапсырма. Мәтінмәндік тапсырманы орындау кезінде оқушы жағдаятты немесе әрекет/шешім әдісін таңдау себебін түсінеді, талдайды, түсіндіреді. Мәтінмәндік тапсырмада оқушы проблемалық жағдаятты шешеді, оқушының ақыл мен ойлау деңгейі дамиды және өмірлік тәжірибесі шындалады.
И. Я. Лернер мәнмәтіндік тапсырма күрделілігінің үш факторын анықтайды:

  1. тапсырма деректерінің құрамы (саны);

  2. тапсырманы барысында орындалатын логикалық кезеңдер саны;

  3. шешім қабылдау кезіндегі жасайтын қорытындылар саны.

Мәтінмәндік тапсырмаларды әзірлеу кезінде ұстанатын талаптар:



  • тапсырма оқушы үшін маңызды болуы керек, өйткені ол күнделікті өмірде орын алуы немесе болашақ кәсіби қызметімен байланысты болуы ықтимал мәселелерді қарастыруы тиіс;

  • тапсырма мәнмәтінінде мәселені шешуге бағыттайтын кеңестер мен нұсқаулар болмауы керек;

  • тапсырмада кем дегенде біреуі берілген жағдаяттың шарттарына сәйкес келмейтін бірнеше шешім болуы мүмкін;

  • жағдаят ретінде ертегілер, аңыздар, көркем әдебиет үлгілерінен алынған үзінділер, тарихи, ғылыми, мәдени және күнделікті өмір жағдайлар, фактілер қарастырылады;

  • мәтінмәнді құрастыру кезінде сіз болған оқиғаға сүйенуге немесе болуы мүмкін жағдаятты болжауға (модельдеуге) болады;

  • тапсырманың шарттарын толықтыратын иллюстрациялар (кестелер, фотосуреттер, графиктер, диаграммалар, суреттер және т. б.) түрінде ұсынылған ақпарат көлемі;

  • бір мәтін үзіндісіне бірнеше сұрақтардың болуы;

  • тапсырмада сипатталған жағдаят оқушылардың дайындық деңгейін жан-жақты тексеруге мүмкіндік беруі тиіс;

Мәтінмәндік тапсырмаларды әзірлеу кезінде келесі қағидаттарды ескеру қажет:

    1. қолжетімділік қағидаты: мұндай тапсырмаларды орындау үшін бағдарлама материалынан тыс нақты білім қажет емес, десе де оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту деңгейін бағалау және ескеру қажет;

    2. өзектілік қағидаты: тек сенімді БАҚ материалдары мен ғылыми-танымдық әдебиетті пайдалану. Бұл қағидат оқушы ынтасының өсуіне айтарлықтай әсер етеді.

    3. оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қағидаты: тапсырма оқушыға қызықты болуы керек және оның жеке тәжірибесін жаңартуы қажет.

Мәтінмәндік тапсырманы әзірлеу алгоритмі


Сабақтың тақырыбын анықтаңыз. Осы тақырып бойынша оқушылардың не білетіні және олардың қандай дағдылары дамығаны туралы ойланыңыз.



      1. Тақырып мазмұнында оқушылар үшін жаңа, танысық болатын нәрсені анықтаңыз.

      2. Жаңа білім оқушының жеке басына не себепті маңызды болытыны туралы ойланыңыз. Өзіңіз үшін келесі сұрақтардың жауптарын алдын-ала тұжырымдап немесе болжап алыңыз:

  • Не себепті оқушылар үшін бұл жаңа білімді меңгеру қажет/маңызды деп санаймын?

  • Олар үшін қандай қызығушылық тудыруы мүмкін?

      1. Алдыңғы сұрақтардың барлық жауабын жалпылама түрде тұжырымдаңыз (3- тармақты қараңыз), яғни оқушының атынан жеке маңызды мәселе түрінде.

      2. Оқушы талдай отырып мәселені түсініп тұжырымдай алатын және өзіңіз жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде айқындаған жағдаятты іріктеңіз/модельдеңіз.

      3. Мәтін құрастырыңыз/ өңдеңіз (жағдайдың сипаттамасы), яғни контекстік тапсырманың шартын сипаттаңыз.

      4. Жағдаятты талдауды немесе жағдаятқа сәйкес әрекеттерді орындауды қажет ететін тапсырманы жасаңыз/тұжырымдаңыз.

      5. Мәтінмәндік тапсырманың сапасын екі тұрғыдан бағалаңыз:

  • біріншіден, ол бағдарлама тақырыбына/сабақтың мақсатына сәйкес келетін мәселені қамтиды ма?

  • екіншіден, бұл тапсырмада оқушылардың жаңа білімді меңгеру мен жаңа дағдыларды қалыптастыру маңыздылығы туралы сұраққа жауап алатындай нұсқаулар бар ма?

Мәтінмәндік тапсырманы қолдану үшін оқушыларға оқу мәдениетін үйрету қажет.
Атап айтқанда,

    • зейін салып оқу;

    • түсініп оқу тәсілдерін меңгеру;

    • негізгі ойды анықтау;

    • алынған ақпаратты ой елегінен өткізу;

    • мәтінді талдау;

    • бір мәселені/жағдаятты әр қырынан қарастыру;

    • себеп-салдар байланысын анықтау;

    • жаңа идеялар мен білімді қолда бар мәнмәтінде қарастыру.

Пайдаланылған әдебиет және интернет ресурстары:



  1. Географическое пространство https://studopedia.su/18_34683_geograficheskoe- prostranstvo.html

  2. Географическое пространство https://ru.thpanorama.com/articles/geografa/qu-es-la- diversidad-del-espacio-geogrfico.html

  3. Геополитика (Михайлов В. А.) Глава 1,2 Геоэкономическое пространство https://uchebnik-online.com/129/406.html онлайн учебник «Геополитика»

  4. Дергачев.В. Географическое пространство https://politike.ru/slovari/geoekonomicheskii-slovar-spravochnik.html

  5. Основной объект исследования геополитики и ряд научных понятий, связанных с ним: «геополитическая структура мира», «мировой порядок», «геополитические поля»,

«геопространство» https://studbooks.net/548282/politologiya/osnovnoy_obekt_issledovaniya_geopolitiki_nauchnyh_p onyatiy_svyazannyh_geopoliticheskaya_struktura_mira#59

  1. Модель развития технопарков в Казахстане https://studbooks.net/1799634/ekonomika/model_razvitiya_tehnoparkov_kazahstane

  2. Методические особенности составления контекстных заданий и обучения младших школьников работе с текстом https://mgpu-media.ru/issues/issue- 4/humanities/methodical-features-of-drawing-up-contextual-tasks-and-training-of-younger-school- students-in-work-with-the-text.html

  3. Методический материал «Контекстные задачи» https://infourok.ru/metodicheskij- material-kontekstnye-zadachi-4971624.html

  4. Понятие в логике https://4brain.ru/logika/ponyatie.php

  5. Сущность понятий «географическое пространство», «географическое пространство-время», «культурно-географическое пространство» https://zdamsam.ru/a4760.html

  6. Филипп Моро-Дефарж. Введение в геополитику, Глава 5 Геополитика и геоэкономика. Учебник он-лайн https://www.democracy.ru/library/misk/introduction_in_geopolitics/page6.html

  7. Экономика Единое экономическое пространство - это... Определение понятия, основные признаки, факторы и процессы https://fb.ru/article/384844/edinoe-ekonomicheskoe- prostranstvo-eto-opredelenie-ponyatiya-osnovnyie-priznaki-faktoryi-i-protsessyi


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет