Экономист (Жен)



бет42/63
Дата09.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#168174
түріПрактикум
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
О у ралы «Топыра тану» п ніні университеттерге арнал ан ба да

Кәдімгі қаратопырақтар. А қабаты күңгірт-сұр немесе қара түсті, анық байқалған дәнді немесе кесекті-дәнді құрылымды, қалыңдығы 30-40 см. Біртіндеп күңгірт-сұр түсті қоңыр реңді кесекті, кесекті-призмалы құрылымды В1 қабатына өтеді. Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 80-140 см ден (жылы оңтүстік фация) 35-45 см дейін ( суық шығыс сибир фациясы) ауытқиды.
Гумус ақпалары бар В2 қабаты жиі Вк карбонатты қабатпен бірігіп кетеді. Кәдімгі қаратопырақтарды басқа тип тармақтарынан ерекше морфологиялық белгісі ─ карбонаттар ақ көзшелер түрінде орналасқан. В2, Вк қабаттары призма құрылымды. Карбонатты қабат біртіндеп С аналық жынысқа өтеді.
Карбонатты кәдімгі қаратопырақтар қайнау сызығы В1 қабатының төменгі жағында немесе В1 және В2 қабаттарының шекарасында болатын қалыпты кәдімгі қаратопырақтардан айырмашылығы, бүкіл кескінінің карбонаттылығымен сипатталады, яғни НСІ беткейінен бастап қайнайды.
Кебірленген кәдімгі қаратопырақтар В1 қабатының тығыздалуы және қарашірікті қабаттың жоғарғы бетінде шаңдану байқалуымен сипатталады. В1 қабаты анық байқалған призма құрылымды. Бұл белгілердің байқалу дәрежесіне қарай кебірленген кәдімгі қаратопырақтар кебірлену дәрежесі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: сәл кебірленген, кебірленген және күшті кебірленген топырақтар.
Кебірленген-сорланған кәдімгі қаратопырақтардың кебірленген қара топырақтардан морфологиялық айырмашылығы аз. Кескінінде тұздар жиналуы ақ таңдақтар және басқа жаңа түзілістер түрінде байқалады. Оларда гипстің жиналуы көзше ұсақ кристалл түрінде анық байқалады.
Солодтанған қаратопырақтар. Қарашірікті қабаттың төменгі жағында аморфты кремний қышқылының жиналуы және ерекшеленіп тұратын призма құрылымды иллювиальды В2 қабатының болуымен сипатталады.
Оңтүстік қара топырақтар. А қабатының қалыңдығы 25-40 см , күңгірт- сұр түсті, жиі қоңыр реңді, кесекті құрылымды. В1 қабаты қоңыр-бурыл түсті, кесекті-призмалы құрылымды. Иллювиальды карбонатты горизонт Вк анық байқалған ақ көзшелер және жоғарғы жағында гумус ақпалары, дақтар болуымен сипатталады. Қайнау сызығы В1 қабатының төменгі жағында немесе қарашірікті қабат шекарасында орналасады. Оңтүстік қаратопырақтар кескінінде 1,6-2 м тереңдікте жиі гипс болады. Туыстықтар кәдімгі қара топырақтардағыдай, бірақ карбонаттылық, кебірлену және сорлану оңтүстік қара топырақтарда жиі және анық байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет