Мағжан:
Ауыл итінің құйрығы қайқы
-
дегенді де қосып қойыңыз, әке.
Бекжан:
Ия, қазаннан қақпақ кетсе, иттен де ұят кетеді
-
дегенде бар.
Мағжан:
Ит
-
тойған жеріне, ер
-
туған жеріне...
Бекжан:
Ол баяғыда сондай болған, балам.Қазір екеуі де тойған жерінде
жүре беретін болған.Ия, туған жер, туған елдің...
Тамған жерім ауылым...»
Туған жер! Туған ана! Туған ел!
Осы қастерлі де, қасиетті үш ұғымның ұлылығын ұғынар ұл көп болса
қанекей! Шерхан ағам айтпақшы,бабаларымның қанымен, сүйегімен
құнарланған қасиетті топырағымыздың, сүйем жерін, сүйіп өсуге бәріміз
міндеттіміз.
Кіндігіңді туған топырағыңа байлап,бақидың жолын бағыштаған бабалар
ырымында, ұлт болып ұйысудың
ұлы далалық бар пәлсапасы
жатқандай.Елім деп еміреніп, жерім деп тебіреніп, тектілігін тегінен алған
кешегі бабаларымыздың бәрінің кіндігі топыраққа байланған еді. Менің
шешем, сенің әжең, немерелерінің кіндігін перзентханадан сұратып
алып,топыраққа көмдіртіп жататын. Көмдіріп жатып, адам туған жеріне
-
деп күрсініп қоятын.
Мағжан:
Менің кіндігім ше, әке?
Бекжан:
Сенікі де... міне балам. Міне, мына топыраққа байланған.Анау
-
у,
асқар Алатаумен бірге.
Мағжан:
...Ал қазірше, топыраққа көмбей ме, әке!
Бекжан:
Ия, қазір ше... Күніне дүние есігін ашып қаншама сәби
перзентханада туылады. Сол бейкүнә сәбилердің кіндіктерін кімдер
кесті?! Кім? Менің кіндігім қайда тасталып жатыр? (Неге үндемейсіздер,
неге?,..)
Әрине,сұрауы
жоқ, құны жоқ, қан
-
жынға араласып құрдымға кетіп
жатыр.Қан
-
жынға араласып қасиеттен жұрдай болған сол бейкүнә
сәбилердің ертеңі не болмақ? Қамшының сабымен ғана өлшенетін бес
күндік ғұмырдың өзі кіндігіңмен бірге жазаға кесіледі. Ол жазаның үкімі
-
тас маңдайдағы
тағдырыңның қолында. Ал, бағанағы балапан
-
сәбилердің тағдыры кімнің қолында? Кімнің? Тағы да болжаусыз
болашақ па?! Осының бәрін ойланам,ойланам да, бесіктей жеңіл өмірді
табыттай ауырлатып алмайықшы!
-
дегім келеді.Қасарысқан қатал
тағдыр бәрі бір өз дегенін істемей қоймайды.Сонда да мен сағынам.
Ақпейілдің сағынамын саябағын,
Аналарым айтса екен
-
деп баяғы әнін.
Кей сәтте шаршап кетем, аңсап кетем,
Әлдилеп
әлде кімнің аялауын.
әлди
болғым келеді,сәби болғым
Бекжан:
Жоқ, жоқ...елін, елін сатқан,
арын сатқан,сәбиін сатқан,дін мен
ділін дүбәралатқан, сайтанын семіртіп баққан, кіндіксіз туылып,
жұмыртқадай шіріп жатқан, тағдырын табыттай ауырлатқан адамдарды
көрсеңдер,
Қазақ, қазақ болыңдар!
-
деп айтыңдаршы!
Біз қазақ.., ұстыны бөлек, ешкімге ұқсамайтын ел едік, балам.
Достарыңызбен бөлісу: |