Мағжан:
Мен оны айырбастап жібергем әке, айфонға....
Бекжан:
Кімге?
Мағжан:
Кімге емес, неге? Әке...Қараңызшы соңғы шыққан...
Бекжан:
Тоқта!
Мағжан:
Әке, мынау соңғы шыққан версиясы деймін А6S
Бекжан:
Сен не айтып, сандырақтап тұрсың? Мен сенен сұрап тұрмын! Кімге, неге?
Мағжан:
Әке, ашуланбаңыз!
Бекжан:
Қалай ашуланбаймын?
Қалай?
Не айтып тұрсың сен?
Мағжан:
Не болды сонша әке, жалғыз ұлыңнан артық көрген дүние болса... тауып берем
сондай ер
-
тұрман.
Бекжан:
Тауып берем? Тапшы онда, тап, менің жоғалғанымды... Салт
-
санамды тап! Қадір
-
қасиетімді тап! Таба аласың ба?
Мағжан:
Ә
-
ке! Әке, қазір заман басқа, заң басқа әке, ескі
-
құсқы бірдеңелерді жиып алып,
соны әулие санап, сол арқылы ақыл айтқаннан адам боп кеткен ешкімді көрген жоқпын!
Сонша жүйкеңді жұқартқан ер
-
тұрманыңыз мына балаң
-
менен қымбат па?
Бекжан:
Мағжан, осыны айтып тұрған сенбісің? Сен... Өзіңнің қымбат екеніңді білесің.
Ақылды екеніңді білесің.
Мағжан:
Әке тыңдаңызшы...
Бекжан:
Сөйте тұра, мына өсиет пен өнегені, бабаңның көзіндей болған көнені, ескі
-
құсқы
деп, ...сен айтып тұрсың ба?
Мағжан:
Әке, тыңдаңызшы...
Бекжан:
Біз қазақ, азаматын ат үстінде таныған елміз. Алты жасында ашамайға
отырғызып, ...алпысында азаматын аттан түсірмеген аталарым
-
ай!
Ердің құнын ер
-
тұрманның құнымен өлшеген болатын. Кеше, елбасына күн туғанда елдің
рухы болған, сол –
ер
-
тұрманым. Егемендігімізді алғанда елдің құты да, болған ер
-
тұрманым...
Мағжан:
Ер
-
тұрман, ер
-
тұрман...не болды сонша әке. Тауып берем сондай ер
-
тұрман.
Ер
-
тұрман, ер
-
тұрман...
Достарыңызбен бөлісу: |