Экраннан қазақ тарихының видеосы беріледі


Бекжан: Мағжан, сен мені түсінбедің. Мағжан



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата03.06.2023
өлшемі242,92 Kb.
#178182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ұлым саған айтамын

Бекжан:
Мағжан, сен мені түсінбедің.
Мағжан:
Қойшы, әке! Қойшы...Түсінгім де кеп тұрған жоқ.
Қойшы, әке!
.Әй, балам
-
ай, шамалау түсінігің,
Қандай
болар білмеймін кісілігің,
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені
Жауар күндей қабағын түсіруін...
Жоқ, балақай мен сендей боп өспедім.
Мына мінез, мінезім емес менің.
Адамдардан рахым жинау үшін.
Не көрмедім өмірде, не кешпедім...
Бағамын деп әркімнің қас қабағын,
Балам қабақ шытса да жасқанамын.
Сәлемімді біреулер алмай кетсе,
Екі иығым салбырап, пәс қаламын.
...Жазылар естеліктер мен тұралы,
Біреулер жан еді дер, өр тұлғалы.
Біреулер жан еді ғой, дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер
-
тұрманы...»
Мұқағалидан әулие емес шығарсыңдар?!
«Жақсы еркектің ішінде –
ер
-
тоқымымен ат жатады.
Жақсы әйелдің ішінде 

бесігі мен бала жатады» 

деген даналықты айтамын! Ал, 
қазіргілердің ішінде не жататынын бір құдайдың өзі білсін?! Қалтай ағамның тілімен 
айтсам, «Арыстан арам өліп, түлкі тұншығып жата беретін заман болған».


Әй, шіркін
-
ай! Шіркін
-
ай! Азаматын ат үстінде таныған қайран ата
-
бабам
-
ай! Ер
-
тоқым 
қирап ер құлап, елінде сауға сұратып запыран күскен заман
-
ай! Қорқақтың бәрі инабатты, 
ынжықтың бәрі мәдениетті, қудың бәрі ақылды боп бара ма, қалай
?!
Залдан айқайлайды: Бауырым, театр көреміз деп келген едік. Мынау дым күлкілі емес.
Мен қайтайын, жүріңдер кім қайтады менімен бірге?
2-
ші көрермен: тұра тұршы. Театр саған тек күлетін жер ме сонда? Театр парасаттың 
майданы. Саған күлкі керек, тек күлкі керек. Білесің бе неге? Сендер күлегештер өмірге 
серьезно қарауға қорқасыңдар. Біржердерің шыдамайды серьезно қарауға.
3-
ші көрермен: басталғаны енді ғой. Ары қарай көрейікші не болатынын.
Тобыр шығады. Орынсыз қарқылдаған күлкі. 
Мағжан:
Әке, баяғыда біреу, тура сіз сияқты...Мен ақылдымын, мен данышпанмын 

деп 
қоймай қойыпты. Сонда біреу, сен ақылды, данышпан болсаң, неге соншама, тақыр 
кедейсің 

деген екен да... Мына заманда әке, жан
-
жақты болу керек...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет