Мағжан:
Әкеу, тыныш, әке түсші.Шаңыраққа
қарайтындай емес, әркім өз үйінде тұрып
жатқан жоқ па!
Бекжан:
Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
-
деген. Мына елдің де, жердің де, киесі мен
иесі
-
Қазақ –
деген ел, балам.
Иә, бұл қазақтың
басынан не келіп не кетпеді, тіпті кешегі анау ашаршылық кезінде,
аштықтан өзегі танып өлейін деп жатқан шал мен кемпірдің үйіне барса,
керегенің
артында, борсып кеткен бір жапырақ ет тұр дейді. Апыр
-
ау, ақсақал талқажау ететін
дүниеңіз бар екен ғой! Мынаны неге жемедіңіз дегенде,
-
Әй балам, біз қазақ деген елміз, аштан өлсем өлейін, ата
-
салттан аттамаймын. Бұл құдайы
қонақтың сыбағасы деген екен. Міне,
елдің иесі, жердің киесі деп осыны айтады. Жоқ,
ауылда да сол. Барлық қонақ төрде, өзіміз аяқ жақта жататынбыз. Әкелеріміз тым қатал,...
жоқ,қатал емес қазақы қатаң тәртіп. Біз сол тәртіпке бағынғанбыз. Үйге келген қонақтың
баласы ең қымбат затыңды бүлдіріп, болмаса соны тартып алуға шамасы келмей жылап
жіберсе,әкемізден өлгенше таяқ жейтінбіз.Қонағымыз қаттырақ ренжісе, тіпті үйден
қуылатынбыз.Міне, ешбір елде, ешбір жерде жоқ қазақы қонақжайлылық!..
Сендер ондай тәрбиені көрген жоқсыңдар. Ия, ит иесіне тарттады
-
деген бар. Қазір біздің
елдің иттері қонақ келе жатса үрмейтін болған.Өйткені, ол сенің анау, малыңды күзететін
қораның иті емес.
Қатты сөз айтуға болмайтын, жекуге болмайтын,
зайырлы қоғамның
иті!..
Шах... мат!
Достарыңызбен бөлісу: