12-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Қазақ жері – кең өлке. Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Австрия, Голландия, Даниясияқтыелдердіңбәріқазақжерінесыйыпкетеді. Қазақстан солтүстікте және солтүстік-шығысында Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, Монғол Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанмен, ал батысында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанмен шектеседі.
2.Отан туралы бес мақалды жатқа айт.
3.Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
13-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Қазақстандағыүлкенорталықтардыңбірі – Ә.ҚастееватындағыМемлекеттікөнер мұражайы. Мұнда Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка, Шығыс және басқа да елдердің кескіндеме, графика, мүсін және сәндік қолөнер туындылары бар. Мұражайда 22 000-ға жуық экспонаттар бар. Мұнда Қазақстан Республикасының Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туындыларына арналған жеке зал бар.
2.Ә.Қастеевтің «Абай жайлауда» картинасын сипаттап айт.
3.1-тапсырмада берілген мәтіннен асты сызылған сөйлемді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жаса.
|
14-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 жылы губерниялық мұражай ашылды. Ол Неплюев әскери училищесі жанынан құрылған. Қазақстанда
1913 жылдары үш мұражай болса, қазір 154-тен астам мұражай бар.
2.«М.Әуезовтің мұражай-үйі» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.Неологизмдерге мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрастыр.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |