Экзаменационные билеты по русской литературе для учащихся 11-х классов


Біздің Ә.Қастеевтің өнер мұражайына барғымыз келеді



бет7/76
Дата29.05.2023
өлшемі204,55 Kb.
#177892
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Байланысты:
Экз материал 2019 рус

Біздің Ә.Қастеевтің өнер мұражайына барғымыз келеді.



9-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлігін дайындайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылды. Онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С.Пономарев сабақ берді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы туындыларын көрсетті. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді.
1928 жылы Семей қаласында бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.
2.«Сурет галереясында» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.Берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса. Суретшілер, көрме.



10-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Әбілхан Қастеев 1904 жылы қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылында дүниеге келген. Бала кезінде тау бөктерінде қой жайып жүріп, саздан, ағаштан түрлі мүсіндер жасаумен әуестенген. 1929 жылы Алматыдағы Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында оқиды. Көптеген халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге қатысып, өз туындыларымен таныстырады. Бүгін ҚР-ның ұлттық өнер мұражайы Ә.Қастеевтің есімімен аталады.
2.«Әбілхан Қастеевтің туындылары» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.Қалау райдың жұрнақтарын пайдаланып, берілген етістіктермен сөйлемдер құрастыр.
Үлес қосу, сурет салу, көрмеге қатысу.



11-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтінде кімнің картинасы туралы айтылғанын анықта.
Бұл картинада қазақтың кең даласы бейнеленген. Қызылды-жасылды гүлдерге толы биік таулардың арасына салынған шойын жолдың жанында адамдар көп. Ақ жаулықты аналар балаларымен бірге ғажайып отарбаға таңданып қарайды. Атқа мінген ер адамдар шойын жолдың бойында отарбаны тамашалап тұр. Бұл – қазақ даласынан өтетін Түрксіб темір жолы мен алғашқы пойыздың келуі бейнеленген тамаша картина.
2. «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.Қалау райдың жасалуын түсіндір. Мысал келтіріп, сөйлем құрастыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет