Экзаменационные билеты по русской литературе для учащихся 11-х классов



бет9/76
Дата29.05.2023
өлшемі204,55 Kb.
#177892
түріСборник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Байланысты:
Экз материал 2019 рус

15-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
«Алтын адам» Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің жағалауынан табылған. Бұл – V ғасырда өмір сүрген сақ жауынгерінің мүрдесі. Оны 1969-1970 жылдары археолог Кемел Ақышев тапқан. «Алтын адам» киімі 4000-ға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Бүгін «Алтын адам» Қазақстанның азаттық символына айналған. Оның тұлғасы Алматының Бас алаңында орнатылған, ал бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызда да бейнеленген.
2.«Менің сүйікті телебағдарламам» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.1-тапсырмада берілген мәтіндегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.


16-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Радиохабар – радио арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, шұғыл ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат, жұртшылықты оқыту-ағарту құралдарының бірі. Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық-саяси жанрлар, көркем-публицистикалық жанрлар. Сондай-ақ радио арқылы әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясы, драмалық және опералық спектакльдер де беріледі.
2.«Хабар» телеагенттігі» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.Лепті сөйлемдердің жасалуы мен жазылуы туралы айт. Мысалдар келтір.



17-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Мемлекеттерге бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, мәдени алмасулардың кеңейтілуі сияқты мәселелерге арналған теледидар бағдарламаларын қолдай отырып, «Бүкіл дүниежүзілік теледидар күнін» атап өтуге ұсыныс жасалды. 1996 жылы
17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21 қарашаны «Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні» деп жариялады.
2.«Менің сүйікті телебағдарламам» тақырыбы бойынша әңгіме.
3.Өздік етістің жасалуы туралы айт. Мысалдар келтір.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет