Байланысты: 8 «Ел» атты ұғымның, елдік сананың өмірге келу тарихынан «Түрік -melimde.com
Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Қазақ жерінде бел алған ислам бірте-бірте христиан дінінде, будданы, зороастризмді және жергілікті тәңірге табынушылықты да ығыстырып, ысырып тастайды.Тарихшылардың айтуынша исламның қабылдану уақыты — 960 жыл. Бұл дерек Бағдат қаласында кездеседі, алайда ол туралы ешқандай нақты құжат жарияланбаған. Шын мәнісінде Ислам дінін бірінші Қарахандықтар қабылдаған. Ол кезде, яғни X ғасырдың аяғына дейін Қарахандықтар Қашғарды билеп тұрды, Бұхара мен Самарқанды жаулап алды.