ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми-әдістемелік кеңесінің
«___»_______________2016 ж.
мәжілісінде бекітілді
№ ____ хаттама
«6D021400 – ӘДЕБИЕТТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2016
Бағдарлама Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша құрастырылды. Бағдарламаны профессор, филология ғылымдарының докторы А.Б. Темірболат, профессор, филология ғылымдарының докторы А.Б. Абдулина дайындады.
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының мәжіліснде қаралған
№ _____ хаттама «___» ______________2016 ж.
Кафедра меңгерушісі________________________ А.Б. Темірболат
Филология және әлем тілдері факультеті әдістемелік бюросының мәжілісінде мақұлданды
№ _____ хаттама «___» ______________2016 ж.
Әдістемелік бюроның төрағасы_______________ А. Досанова
Ғылыми кеңестің мәжіліснде бекітілді
№ _____ хаттама «___» ______________2016 ж.
Ғылыми кенестің төрағасы,
факультет деканы ______________________ Ө. Әбдиманұлы
Ғылыми хатшы _______________________ Ж. Күзембекова
1. «Әдебиеттану – 6D021400» мамандығы бойынша қабылданатын емтиханның мақсаты мен міндеттері
«6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураға қабылдау емтиханының бағдарламасы Әдебиеттанудың өзекті мәселелері, Көркем әдебиеттегі психологизм, Әдебиеттану және фольклористика: қолданбалы аспектілер, Көркем мәтінді әдеби өңдеу, Әдебиеттанушылық зерттеулердің әдістанымы мен жоспарлануы, Салыстырмалы әдебиеттанудың теориясы мен практикасы, Эпикалық, лирикалық, драмалық жанрлардың теориясы, Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы, Өлең мәтінінің композициясы, Проза сюжетінің типологиясы, Көркем әдебиеттегі психологиялық талдау тәрізді магистратурадағы пререквизиттік әдебиеттанушылық пәндер деңгейін ескере отырып жасалды.
Бағдарламадағы сұрақтар докторантураға түсушілердің әдебиеттану және эстетика, деректану, мәдениеттану, тіл білімі, философия сияқты аралас гуманитарлық білім салаларында жинаған білімі мен білігі, дағды-машығын анықтау мақсатымен құрылған.
Бағдарлама көркем сөз шығармашылығының ерекшелігі, шығу тегі, дамуын озық эстетика мен сын, әдеби-теориялық мұраны игеру орайында зерттейтін теориялық әдебиеттанудың ең басты қағидаларын басшылыққа алады.
Емтихан тапсырушы емтихан билеттерінің сұрақтарына қайтаратын жауабын тиісті жауап парақтарына жазып, емтихан қабылдаушы комиссияның алдында ауызша баяндайды. Аппелляция жағдайында жауап парағында жазылған мәтіндер негізге алынады.
2. Докторантураға қабылданатын үміткерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқуға қабылданушы әдебиеттану, оның ішінде әдебиет теориясы, әдебиет сыны, әдеби өңдеу, фольклористика, текстология салаларында докторлық дәрежеге ізденуші ретінде ғылыми бейімділік қалыптастыратындай жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетуі қажет.
Сұрақтар кешені әдебиеттану пәнінің, әдебиеттің өнер түрі есебіндегі ерекшеліктеріне сай тұжырымдалған. Оларды ашу оқуға түсушінің мынадай бағдарлардағы дайындық дәрежесін көрсетпек:
Оқуға қабылданушы әдебиеттанудың іргелі қағидалары, теориялық әдебиеттанудың жаңа бағыттары, басқа ғылымдармен байланыс, әдебиеттанушылық еңбектің әдіс, тәсілдері, ғылым дамуының қазіргі жағдайы мен өзекті үрдістері бойынша білім-пайымын таныта алуы қажет. Сонымен бірге әдебиеттану саласында биік деңгейде зерттеулер жүргізуін, қазіргі әлемдегі ғылым, қоғам өмірі туралы тұтас түсінігін, әдебиеттанушылық талдаудың дәстүрлі жаңа әдістемелерін меңгеруін, жаңа идеялар шығару мен оны тарата алуын, аталған мамандық негізінде докторантурада дайындауға байланысты міндеттерді шешуге даярлығы мен шығармашылық бастамасын көрсете білуі шарт.
3. Білім беру бағдарламасының алғышарттары
APL5205 Әдебиеттанудың өзекті мәселелері 3 кредит, ТHT 5103 Көркем мәтін теориясы 3 кредит.
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» пәні
1. Теориялық әдебиеттанудың дәстүрлі және инновациялық парадигмалары.
Әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы жаңа проблемалары. Теориялық әдебиеттанудың дәстүрлі әлеуметтік-тарихи парадигмасы. Жазушы және заман. Қазіргі әдебиеттану ғылымының даму тенденциялары. Теориялық әдебиеттанудың инновациялық, комапативистік, интертекстуалдық, гендерлік, семиотикалық, нарратологиялық, дискурсивтік постмодернистік, онтологиялық, герменевтикалық, психопоэтикалық парадигмалары.
2. Қазіргі әдебиеттанудың әдіснамалық мәселелері.
Әдебиеттану ғылымы әдістерінің тарихи дамуы – өмірбаяндық, мифологиялық, компаративизм. Гримм ағайындарының мифологиялық теориясы, Бенфейдің кірме теориясы, Г. Пауль мен В. Перетцтің филологиялық әдісі (мәтінтану), А. Потебняның психологиялық әдісі, З.Фрейд концепциясы, И. Тэнның мәдени-тарихи әдісі. ХХ ғасырдың басындағы формалистік және струтуралистік теориялары. Әлеуметтік-тарихи әдіс. Қазіргі әдебиеттану және әдебиетті зерттеу жаңа технологиялары мен әдістері (интертекстуалдық, деконструкция, постструктурализм, пәнаралық зерттеулер, семиотикалық талдау).
3. Әдебиет тарихы және мәдениет.
Әдебиет және мәдениет. Тарихи-мәдени үдеріс және оның жазушы санасына әсерлігі. Көркем шығармашылыққа қойылатын негізгі талаптар және поэтика мәселелері. Әдеби шығармашылық және ғылым. Өнердің табиғаты. Шығармашылық психологиясындағы ирациональдық факторлар, оның шығармашылықтағы рөлі және оны бейнелеудің кілттері (код). Әдебиет және ұлттық дүниетаным.
4. Қазіргі ғылыми тұрғысынан проза, поэзия, драматургия.
Поэзия және проза. Ажырату принциптері. Қазіргі проза. Модернизм және постмодернизм прозасының ерекшеліктері. Неомифологизм және неомифологиялық сана. Поэзиядағы ритм мәселесі. Қазіргі поэзияның жанрлық формалары. Қазіргі поэзиядағы дәстүр және жаңашылдық мәселесі. Драмалық шығарманың құрылымы.
5. Жанр жүйесі.
Әдеби жанрдың ұғымы. Әдеби тек және әдеби жанр. Жанр және стиль. Әдеби жаңашылдықтың мәні. Жанрлық мазмұн және жанрлық форма Жанр типологиясы мәселесі. Көркем шығарманың жанрлық табиғаты. Қазіргі қазақ және орыс әдебиетінің жанр жүйесі.
6. Әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері.
Салыстырмалы әдебиеттанудың мақсаты мен міндеттері. Типологиялық әдеби байланыстар. Әдеби компаративистиканың ұғымдық және әдіснамалық аппараты.
7. Шығыс және Батыс әдебиеттер байланыстарының мәселесі.
Батыс және шығыс романтизмнің типологиялық ерекшеліктер. XIX ғасырдағы қазақ ақындар поэзиясының ұлттық ерекшелігі. XX ғасырдың қазақ әдебиетіндегі романтизм. Модернизмнің типологиялық ерекшеліктері. Қазақ орыс және еуропалық әдебиетіндегі модернизм. XX ғасырдың қазақ және орыс әдебиетіндегі реализм. Қазақстанның әдеби байланыстары.
8. Интертекстуалдық: негізгі концепциялар.
Мәтін филология ғылымының ұғымы ретінде. Мәтін семиотика және мәдениеттану ғылымдарының ұғымы ретінде. Мәтін туралы постмодернистік концепциялар. Интертекст ұғымы. Интертекстің философиялық негіздері. Ю. Кристеваның теориясы. ХХ ғасырдың прозасындағы интертекст. Мәтін мәдени контекст, автор және оқырман арасындағы диалог ретінде. Цитата, аллюзия. Реминисценция.
9. Мифопоэтика және археопоэтика.
Мифопоэтика және археопоэтика әдебиеттанудың салалары ретінде. Архетип ұғымы. Көркем әдебиеттегі архетиптердің қызметтері. Миф және әдебиет. Қазіргі әдебиеттегі мифологиялық образдар мен сарындар. Көркем әдебиеттегі мифтердің қызметтері.
10. Семиотика и нарраталогия.
Семиотика ғылым зерттеулер жүйесі ретінде. Семиотиканың негізгі ұғымдары. Семиотикадағы мәскеу-тарту және француз мектептері. Нарратологияның пәні мен міндеттері. Нарратив ұғымы. Нарративтің табиғаты, түрлері және қызметтері. Нарратив және дискурс.
11. Көркем шығарманың құрамындағы мекеншақ категориясы.
Көркем уақыт пен кеңістіктің ерекшеліктері. Көркем шығарманың құрамындағы уақыт пен кеңістік. Мекеншақ туралы М.М. Бахтиннің теориясы. Қазіргі әдебиеттанудағы уақыт пен кеңістік категорияларының ұғымы. Әдебиеттегі темпоралдық ырғақ категориясы (А.Б. Темірболаттың теориясы). Көркем шығармадағы мекеншақ категориясының қызметі.
12. Көркемдік антропология.
Көркемдік антропология: сыртқы және ішкі адам. Әдебиеттегі мінездер типтері. Көркем шығармадағы кейіпкердің мінезін ашу тәсілдері. Тип және мінез. Кейіпкердің ішкі әлемі. Әдебиеттегі адам және мәдениет. В.В. Савельеваның теориясы.
13. Психопоэтика. Герменевтика. Рецептивтік эстетика.
Психоаналитикалық әдебиеттану. Автор мәселесі. З. Фрейд теориясы. Көркем шығармашылықтың генезисі және түс көру концепциясы. Өнерді қабылдау мәселесі. Фрейдттің психоаналитикалық сынының формалары. К. Юнга теориясы. Е.М. Мелетинский еңбектеріндегі қазіргі психопоэтика. Ж. Лаканның Құрылымдық-психоаналитикалық әдебиеттану. Герменевтика және рецептивтік эстетика.
14. Көпшілік әдебиет.
Көпшілік мәдениеті мен әдеби иерархия мәселесі. Әдебиет және мәдениет туралы элитарлық және антиэлитарлық концепциялар. Әдеби классика. Беллетристика. Көпшілік әдебиеттің көркемдік ерекшеліктері. Көпшілік әдебиеттің жанрлары.
15. Қазіргі әдеби сынның дамуы тенденциялары.
Әдеби сын және әдебиет теориясы. Қазіргі әдеби сынның міндеттері. Сыншы және автор. Сыншы және оқырман. Әдеби сын және көркем шығарманың тағдыры. Әдеби сын жанрлары. Ғылыми мақала және әдеби-сын мақала.
16. Әдебиет пен дін: олардың арасындағы тарихи және философиялық байланыстар.
Әдебиет және адамның рухани әлемі. Діни көзқарастардың көркем әдебиетке әсері. Адамгершілік және гуманизм идеяларының қазіргі әдебиетте бейнеленуі, проблемалары. Каламгерлердің идеялық-көркемдік ізденістері. Ұлттық және адамзаттық белгілердің синтезі. Әлеуметтік мәселелер және жазушының концепциясы.
17. Дәстүр және жаңашылдық.
Мәдениет және әдебиеттегі сабақтастық мәселесі. Көркемдік шығармашылығындағы дәстүр мен жаңашылдық. Реализм әдебиеті және модернизм әдебиеті. Модернист-жазушыларының көркемдік ізденістері. Қазіргі Қазақстан әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық.
18. Психологизм өнердің тектік белгісі.
Психологизм өнердің тектік белгісі. Психологизм және көркемдік шындық пен өмірлік шындықтың байланысы. Адам санасы аясымен өзара байланыстағы өнердің психологиясы. Әдебиеттің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі және әдебиеттің өнер сипатындағы ерекшеліктерімен байланыста психологизм ролінің артуы. Психологизм және әдеби тектер.
19. Әдебиет және фольклор: ғылыми амал-тәсілдердің ерекшелігі мен жалпылық сипаты.
Әдебиет пен фольклор туралы қазіргі ғылым. Фольклордың ауызша- поэтикалық өнер ретіндегі болмысы. Фольклор мен әдебиеттанудың сөз өнерінің түрлері ретіндегі жүйелі байланыстарының заңдылықтары мен өзіндік бітімі, түп төркіні. Әдебиеттану мен фольклор, дін, этнография, этнология, философия, тарих.
20. Әдебиет және мәдениет.
Әлеуметтік кеңістіктегі әдебиет және мәдени коммуникация заңдары. Халықаралық әдеби-мәдени байланыстар ұлттық әдебиеттің қорын молайтатын маңызды дерек көздері. Әдебиет пен мәдениеттегі типологиялық ұқсастықтар мен конвергенциялар. Әдеби мәтін мәдени бет-перде. Әлемнің көркемдік келбеті мәдениеттердің дүниетанымдық концепцияларының әдеби айнасы.
21. Қазіргі мәдениеттің түрлі саласындағы фольклордың мән-жайы.
Мәдениеттегі дәстүр және халық шығармашылығының салалары. Фольклорлық және әдеби поэтика шеңберіндегі мифтің қызметі. Әдебиет, фольклор және халықтың көркем мәдениеті. Әдебиет пен фольклордың халықтардың мәдени – тарихи даму жолдары мен этникалық ерекшеліктерін анықтайтын ұлттық және діни сипаты.
22. Әдебиеттің әдістемелік мәселелері.
Әдебиеттану мен фольклористиканың қолданбалы қырлары, әдістемелік табыстары мен жаңа технологиялары. Мәтінді жазып, аудардудың түрлі жолдары. Мәтінді қысқарту мен мазмұндау. Әдеби стилистика.
23. Әдебиеттану көркем психологизмнің табиғаты туралы.
Психологиялық романның мазмұны мен құрылымындағы психологизм табиғаты. Психологизм түрлері, психологиялық мінездемелер. Психологиялық талдау тәсілдері мен негізгі принциптері. «Орыс классикалық әдебиетіндегі психологизм». Психологизм табиғаты концепциялары.
24. Психологизмнің түрлері.
Динамикалық психологизм. Баяндау динамикасы және оқиғалар, олардың кейіпкер ішкі әлемімен байланысы. Ішкі әлемді интроспективті қарастырудағы психологизм принциптері.
Синтетикалық психологизм. Аналитикалық психологизм.
«Көркем мәтін теориясы» пәні
1. Көркем мәтінді оқып үйренудің негізгі бағыттары мен әдістері. Құрылымдық-функциональдық әдіс және оның негізгі ұғымдары. Телеологиялық әдіс Көркем мәтінді оқып үйренудегі әдебиеттану әдістері және тарихи-әлеуметтік бағыт. Мәдени-психологиялық бағыт. Әдеби герменевтика рецептивтік теориясы. Әдебиеттанудағы формализм. Мәтінді оқып үйренудің семиотикалық әдісі және структурализм. Деконструктивизм және оның көркем мәтінді зерттеуінің негізгі тәсілдері. Когнитивтік бағыт және оның мәтін танудағы ролі. Лингвистикалық әдіс.
2. Көркем мәтіннің функциональді-прагматикалық теориясы.
Мәтін прагматикасы мәтіннің коммуникативтік моделінің және әдеби үдеріс субъектілерінің (автор, оқырман), тіл мен шындықтың бөлігі болып табылады. Көркем мәтіннің функциональді-прагматикалық теориясының пәні мен міндеттері. Мәтіннің негізгі деңгейлері. Әдеби мәтіннің функциялары: мифопоэтикалық, интенсиальдық, экспрессивтік, репрезентивтік, бағалаушы-интерпретациялық.
3. Көркем мәтіннің эпистемиялық аспектілері.
Көркем мәтіндегі референция. Лингвистикалық салыстырмалық гипотезасы және оның мәтін мен шындық қатынасын түсінудегі ролі. Ф.де Соссюрдің лингвистикалық теориясы. Семиозис ұғымы (Ч. Пирс, У. Эко концепциялары). «Адресаттан» модальдылықтары және оның көркем мәтіндегі ролі. Мәтіндегі фактуальдық, фабульдық, метафоралық баяндау.
Көркемдік мәтіннің көпфункциональді табиғатының көрінісі екендігі. Болуы мүмкін әлем теориясы. Көркем жинақтаудың негізгі сатылары: генерализация және мифологизация. Фабульдық және мифологиялық мәтіндер, олардың ерекшеліктері.
4. Көркемдік әлем және оның негізгі компоненттері.
Көркем мәтіннің фабулалық кеңістігі. Іс-әрекеттік күрделі мәтіндік таңбаларды жасау мен тудыру құралы. Әдебиетте іс-әрекетті көрсетудің метонимиялық принципі. Түзу сызықты және циклдық іс-әрекет және олардың шығарма оқиғасына көшуі. Аффектілі сюжеттік бірліктер (У. Ленерт) теориясы және оның көркем туындылардағы іс-әрекеттерді айқындаудағы ролі. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік. Көркем және шынайы хронотоп. Көркем шығармадағы сюжет пен фабула.
5. Көркем мәтіннің мазмұны мен түрі.
Әлеуметтік және мәдени феномендердің тілге ұқсастығы туралы болжамдардан туатын ой-болжамдар мен негізгі принциптер (Ю.М. Лотман, К. Леви-Стросс, Р. Барт). Әдебиеттің «екінші кодтық жүйе» (Ю.М. Лотман теориясы) екендігі. Көркем мәтінді «үшінші кодтық жүйе» ретінде ұғыну.
Көркем мәтін лингвистикасы. Бейнелік мәтін.
6. Әдеби шығармашылық табиғаты.
Әдебиеттің сөз өнері санатындағы дуалистік сипаты. Шығармашылық және шығармашылық тұлға туралы ежелгі түсініктер. Классицизм және романтизм дәуіріндегі көркем шығармашылықтың табиғаты жайлы ұғым. Позитивистер (О. Конта, И. Тэн және т.б.) еңбектерінің маңызы мен негізгі тұжырымдары. Әдеби ықпал ұғымы. Шығармашылық тұлға туралы Ю. Кристева мен Ч. Ломброзоның интертекстуальдылық теориясы. Әдебиеттанудағы фрейдшілдік бағыт. Әдеби шығармашылық табиғатын пайымдаудағы А. Маслоудың холистикалық әдісі.
7. Көркем мәтіндегі автор бейнесі.
Әдебиетті оқып үйренудегі өмірбаяндық әдіс. Автор және баяндаушы, олардың бейнелерінің жақындығы. Көркем шығарма мазмұнында жазушының өмірбаяндық деректерінің көрініс табуы.
Авторлық баяндау түрлері. Мәтіндерді «мәтін – автор» мәселесі қырынан жіктеу: баяндау мәтіні, репрезентивті бағытты мәтін. Баяндаушының жоспары және оның қазіргі әдебиет туындыларында көрініс табуы.
8. Әдебиет қарым-қатынастар мен көңіл-күйлерді білдіруші.
Әдебиет белгілі бір идеологияны таратушы. Сыншыл реализмдегі және романтиктердің әдебиет жайлы ұғымы. Әдебиеттің экспрессивтік қызметі.
Автордың рухани әлемін көркем бейнелеудің тәсілдері. Сезім ырғағы және оның көркем мәтін құрылымында көрініс табуы. Қарым-қатынас және көңіл-күй, олардың әдебиет туындыларында бейнелену тәсілдері. Әдеби стилистика. Көркем мәтіндегі юмор мен ирония, олардың функциональдық мәні. Әдебиет туындыларындағы комизм.
9. Баяндаушы жоспары мен персонаждар жоспары көркемдік әлемді таныту формасы.
Баяндаушы жоспары, оның ерекшеліктері. Нарратив баяндаушы жоспарының басты элементі. Әдеби-сыншыл дискурстағы баяндау үрдісі. Әңгімеші мен лирикалық кейіпкер, олардың айырмашылығы. Атаулы және атаусыз баяндау, олардың шығармада көрініс табу формалары. Кейіпкерлер жоспары. «Бөгде сөз». Көркем шығарма құрылымында бөгде сөздің ұйысу тәсілдері. Төл сөз. Авторлық баяндау мен бөгде сөздің өзара ықпалы көркем мәтіннің экспрессивті және репрезентивті функцияларының өзара ықпалы екендігі. Төлеу сөз. Өзгелік төл сөз. Олардың стилистикалық айырмашылықтары. Көркем мәтіннің полифониялық құрылымы. Сана тасқыны, сана тасқынындағы баяндаушы жоспары мен кейіпкерлер жоспарының бейнелену ерекшеліктері.
10. Көркем мәтін адресаты.
Көркем мәтіннің мәнін ұғынудың алғышарттары. Әдеби компетенция ұғымы. Шынайы және мінсіз оқырман. Оқырманның әдеби компетенциясының компоненттері. Қабылдаушының субъектіні бетке алуы.
11. Көркем мәтін интерпритациясының принциптері.
«Мәтін» мен «оқырман» арасындағы қарым-қатынастың сипаты. Көркем мәтінді оқырман қабылдауының табиғаты. Н. Фрайша көркем шығарманы “түсінудің” типтері. Көркем мәтіннің интерпретациясы және оның контекстуализациясы. Көркем мәтін таксономиялық құрылым сипатында. Әдеби туындыны әлемнің моделі сипатында қабылдау. Көркем мәтін интерпретациясының негізгі әдістері: этикалық, рецептивті. Көркем мәтін интерпретациясының негізгі процедуралары.
12. Әдеби шығармадағы көркем пейзаж және психологизм.
Пейзаж психологиялық талдаудың бір түрі сипатында. Пейзаж кейіпкердің ішкі әлемін ашудың түрі сипатында. Пейзаж сюжет дамуындағы психологиялық фон ретінде. Кейіпкер қабылдауындағы пейзаж. Пейзаж автор қатысуының түрі сипатында.
13. Психологиялық портреттің түрлері.
Портрет – кейіпкердің психологиялық мінездемесін құрайтын бөліктердің бірі. Портреттік бейнелердің поэтикасы. А.Белецкий анықтаған жорамал портрет. Образ жасау үдерісіндегі портрет. Портреттегі субъективизм мен объективизм. Жеке және көпшілік портрет. Детальдың портреттегі ролі. Портреттік мінездеме берудегі фольклорлық дәстүрлер.
14. Баяндаудың психологиялық функциясы.
Нарратив және баяндау. Автор баяндаушы және нарратив типологиясындағы әңгімеші мәселесі. Нарративтің композициялық-сөздік түрлері. Диалог пен монологтың психологиялық функциялары. Романның нарративтік жүйесі. Модернизм прозасындағы «сана ағыны» принципі және Анна Каренинаның ішкі монологі. Нарратив – наратология ғылымы зерттеуінің нысаны.
15. Фольклордың бейнелеу жүйесі және психологиялық параллелизм.
А. Веселовскийдің фольклор теориясындағы психологиялық параллелизм. Фольклордағы психологиялық параллелизмнің интонациялық деңгейі. Психологиялық параллелизм, эпитет және троптар. Психологиялық параллелизм сюжет деңгейінде. Психологиялық пейзаждық параллелизм.
16. Көркем мәтін талдаудың принциптері.
Көркем мәтін талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдері. Текстологиялық талдау. Мәтін және шынайылық. Көркем мәтіннің табиғаты. Автор мен кейіпкерлердің сәйлеуі. Көркемдік стиль және әдеби шығарманың тіл ерекшеліктері.
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:
Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Алматы, 2010.
Бахтин М.М. Вопросы литературы и эстетики. – М., 2005.
Бахтин М.М. Литературно-теоретические исследования. – М., 2003.
Борев Ю. Эстетика. В 2-х томах. – М., 2005
Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – М., 2000.
Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы, 1991.
Джуанышбеков Н.О. Темирболат А.Б. Теория литературы. Учебное пособие. – Алматы, 2009.
Джуанышбеков Н.О. Проблемы современного сравнительного литературоведения. – Алматы, 2000.
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1999.
Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. – Алматы, 2000.
Зенкин С.Н. Введение в литературоведение: Теория литературы: Учебное пособие. – М., 2000.
Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002.
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 1994.
Қирабаев С. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы, 2002.
Лотман Ю.М. Анализ поэтического текста: структура стиха. – СПб, 2002.
Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. Учебное пособие. – Алматы, 2004.
Мелетинский Е.М. Теория литературы. Основные проблемы в историческом освещении. Роды и жанры литературы. – В 2-х томах. – М., 1999.
Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 2003.
Темирболат А.Б. Поэтика литературы. Учебное пособие. – Алматы, 2011.
Теория литературы. В 2-х томах. / Под ред. Н.Д.Тамарченко. – М., 2007.
Теория литературы. В 4-х томах. / Под ред. Ю.Борева. – М., 2000.
Теоретическая поэтика. / Под ред. Н.Д. Тамарченко. – М., 2001.
Томашевский Б.В. Теория литературы. Поэтика. – М., 2001.
Хализев В.Н. Теория литературы. – М., 2000.
Қосымша әдебиет:
Аверинцев С.С., Андреев М.Л., Гаспаров М.Л., Гринцер П.А., Михайлов А.В. Категории поэтики в смене литературных эпох // Историческая поэтика. Литературные эпохи и типы художественного сознания. Сб. статей. – М., 1994.
Әбдезұлы Қ. Дүниетаным көкжиегі. – Алматы, 2010.
Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 2006.
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы, 1979.
Выготский Л.С. Психология искусства. – М., 2006.
Бушмин А.С. Методологические вопросы литературоведческих исследований. – СПб, 2005.
Джуанышбеков Н.О. Проблемы сравнительно-типологического изучения литературы. – Алматы, 2001.
Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы, 1992.
Жолковский А.К., Щеглов Ю.К. Работы по поэтике выразительности. – М., 1996.
Зарубежная эстетика и теория литературы ХIX-XX вв.: Трактаты, статьи, эссе. – М., 1987.
Косиков Г.К. История зарубежной критики и литературоведения. - М., 2001.
Литературный энциклопедический словарь. – М., 2003.
Лотман Ю.М. Избранные статьи. В 3-х томах. – Таллин, 2002.
Майтанов Б. М.Әуезов және ұлттық әдеби үдерістер. – Алматы, 2009.
Нургалиев Р.Н. Поэтика драмы. – Алматы, 2010.
Нұрғалиев Р. Айдын. – Алматы, 2005.
Проблемы теории литературной критики.// Под ред. П.А.Николаева, Л.А Чернец. – М., 2000.
Современное зарубежное литературоведение. – М., 1996.
Темирболат А.Б. Категории хронотопа и темпорального ритма в литературе. – Алматы, 2009.
Фрейденберг О.М. Поэтика сюжета и жанра. – М., 1997.
Холшевников В.Е. Стиховедение и поэзия. – Л., 1991.
Эко У. Отсутствующая структура. Введение в семиологию. – М., 2007.
Эткинд Е.Г. Психопоэтика. – М., 2000.
Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – Алматы, 1996.
Хрестоматия по теории литературы: В 2-х томах. / Под ред. Н.Д. Тамарченко. – М., 2007.
7. Емтихан билеттерінің сұрақтары бойынша жауаптарды сараптау шәкілі:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де докторантураға түсушілердің білімін бағалаудың жалпы ережесі білім алушылардың білімін бағалаудағы 100-балдық жүйе туралы Ережемен реттеледі.
Емтихан билетінің әрбір сұрағы бойынша жауаптар 100-балдық шәкіл бойынша бағаланады. Емтиханның қорытынды бағасы билеттің әрбір жауабы үшін алынған баллдан арифметикалық орта баллы алынады және келесі сызбамен бес баллдық шәкіл бойынша бағаланады:
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
% мәні
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Емтихан жауабының 100-балдық шәкілі
Сараптау
|
Өлшемдер
|
Шәкіл, ұпайлар
|
А
Өте жақсы
|
1. Дұрыс және толық барлық қағидалы сұраққа және іргелі ғылыми негізді дайындықтың бағытында жауап береді.
2. Жүйелі түсінігі бар және саралау, сыни бағалау және күрделі айқындай алады.
3. Толық тәжірибелік тапсырма орындауы және тиімді жауап береді.
4. Түсуіші қазіргі ғылыми және тәжірибе мәселелерді тұжырымдай біледі.
|
95-100
|
А-
Өте жақсы
|
1. Дұрыс және толық барлық қағидалы сұраққа және іргелі ғылыми негізді дайындықтың бағытында жауап береді.
2. Жүйелі түсінігі бар және саралау, сыни бағалау және күрделі айқындай алады.
3. Сауатты қисынды баяндайды.
4. Жауаптарды түсішу ойдағыдай еркін жеткізе алады.
|
90-94
|
В+
Жақсы
|
1. Дұрыс, бірақ ауытқулы жауаптар барлық қағидалы сұрақтарға, жартымсыз кемшілік немесе дәлсіздіктер ұйғарымдарды жіберу және сұрақтарда қысқаша жауап беру.
2. Тәжірибелік жауаптары дұрыс және өзінің деңгейінде жеткізе алады.
3. Дағды және интеграциялану бар және білімін көрсете алады.
|
85-89
|
В
Жақсы
|
1. Дұрыс, бірақ ауытқулы жауаптар барлық қағидалы сұрақтарға, жартымсыз кемшілік немесе дәлсіздіктер ұйғарымдарды жіберу және сұрақтарда қысқаша жауап беру.
2. Тәжірибелік жауаптары дұрыс және өзінің деңгейінде жеткізе алады.
3. Дағды және интеграциялану бар және білімін көрсете алады бірақ аз кемшіліктермен.
|
80-84
|
В-
Жақсы
|
1. Дұрыс, бірақ ауытқулы жауаптар барлық қағидалы сұрақтарға, жартымсыз кемшілік немесе дәлсіздіктер ұйғарымдарды жіберу және сұрақтарда қысқаша жауап беру.
2. Тәжірибелік жауаптары дұрыс және өзінің деңгейінде жеткізе алады.
3. Дағды және интеграциялану бар және білімін көрсете алады бірақ аз кемшіліктермен.
|
75-79
|
С+
Қанағаттанарлық
|
1. Дұрыс, бірақ ауытқулы жауаптар барлық қағидалы сұрақтарға, жартымсыз кемшілік немесе дәлсіздіктер ұйғарымдарды жіберу және сұрақтарда қысқаша жауап беру.
2. Тәжірибелік жауаптары дұрыс және өзінің деңгейінде жеткізе алады.
3. Дағды және интеграциялану бар және білімін көрсете алады бірақ аз кемшіліктермен.
|
70-74
|
С
Қанағаттанарлық
|
1. Дұрыс, бірақ ауытқулы жауаптар барлық қағидалы сұрақтарға, жартымсыз кемшілік немесе дәлсіздіктер ұйғарымдарды жіберу және сұрақтарда қысқаша жауап беру.
2. Тәжірибелік жауаптары дұрыс және өзінің деңгейінде жеткізе алады.
3. Дағды және интеграциялану бар және білімін көрсете алады бірақ аз кемшіліктермен.
|
65-69
|
С-
Қанағаттанарлық
|
1. Дұрыс, бірақ ауытқулы жауаптар барлық қағидалы сұрақтарға, жартымсыз кемшілік немесе дәлсіздіктер ұйғарымдарды жіберу және сұрақтарда қысқаша жауап беру.
2. Тәжірибелік жауаптары дұрыс және өзінің деңгейінде жеткізе алады.
3. Дағды және интеграциялану бар және білімін көрсете алады бірақ аз кемшіліктермен.
|
60-64
|
D+
Қанағаттанарлық
|
1. Қағидалы сұрақтарда дөрекі қателерді жібереді.
2. Тәжірибелік жауаптары дұрыс емес.
3. Дағды бар, бірақ аз кемшіліктермен.
|
55-59
|
D
Қанағаттанарлық
|
1. Қағидалы сұрақтарда дөрекі қателерді жібереді.
2. Тәжірибелік жауаптары дұрыс емес.
3. Дағды бар, бірақ аз кемшіліктермен.
|
50-54
|
F
Қанағаттанарлықсыз
|
1. Қағидалы сұрақтарда дөрекі қателерді жібереді.
2. Тәжірибелік тапсырмаларды орындай алмаған епсіздігі байқалады.
|
0-49
|
Достарыңызбен бөлісу: |