Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі білім беру факультеті жоо-ға дейінгі дайындық кафедрасы



Дата23.08.2017
өлшемі92,93 Kb.
#24934
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы

Аға оқытушылар: Абдвахитова Г.Н.

Тилеужанова Г.Т.
Ауған тыңдаушыларына қазақ тілін қатысымдық әдіспен үйрету.

Графика және орфография- бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика — тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы — Көне түркі жазуы немесе «Орхон енесей» жазуы деп аталатын жазу. Бұл жазу мола басына қойылған құлпы тасқа, басқа да әртүрлі қатты заттарға қашап түсірген таңбалар түрінде сақталған, бірер сөздерден ғана тұратындары болмаса, қағазға жазылып сақталған көлемді ескерткіш емес. Зерттеушілер бұл жазуды түркі халықтары V—VIII ғасырларда қолданған деген пікір айтады. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі — көне ұйғыр жазуы деп аталатын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған.

Фонетика ғылымының дамуы. Тілмен танысу, оны үйрену я үйрету атаулының барлығы да алдымен оның дыбыстық құрамын, дыбыстың түрлерін, қалай айтылып, қалай таңбаланатынын айқындаудан басталатыны белгілі. Осы себептен де болар өткен ғасырлардан басталатын түркі тілімен танысу бағытындағы алғашқы қадамның қай-қайсысында болса да фонетика мәселелеріне қатысты алды-көпті пікірлер кездесіп отырады. Тіпті сонау Гиганов, А. Левшин„ Халфин, Қазамбектердің, олардан берірек шет ел түркологтары Г. Дерфер, М. Рясянен, В. Котвич, орыс түркологтары В. Радлов,. Н. Ильминский, П. Мелиоранский т. б. жазған оқулықтардың, халықпен таныстыру мәніндегі әр түрлі мазмұнды жазбалардың көпшілігінде сөз болып отырған халық тілінің дыбыстық жүйесіне қатысты айтылған азын-аулақ пікірлер кездесетіні аян. Бұлардың барлығын бірдей түркі фонетикасының дамуына қосылған үлес деп санамағанымызбен түркологияның бұл саласын қалыптастырудағы алғашқы қадам демеске лаж жок. Теңіз тамшыдан құралады дегендей ғылым атаулының қай-қайсысы да осындай бастамадан, алғашқы қадамнан жүретінін ескерген жөн. Өткен ғасырдан бастауын алған түркі тілдері фонетикасы кеңестік кұрылыс дәуірінде әрі қарап дамыды. Бұл мәселе кеңес өкіметі орнауының алғашкы жылдарынан бастап-ақ практикалық мақсатта болса да кең арқаға түсті. Өйткені осының алдында сөз болған графика мен орфография мәселелерін дұрыс шешу, сауатсыздықты жою үшін тілдің дыбыстық құрамын, онын өзіндік заңдылықтарын білу қажет.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл мәселенің ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған мәселе – қазақ тілін шетелдік тыңдаушыларға оқыту. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектесті. Қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген оқытушылар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева.

Алдында аталып өткен авторлардың еңбегінің зор екендігін айта келе, өзіміздің жұмысымда Ә. Жүнісбектің үндестік заңы технологиясы және Е.И. Пассовтың және бұл әдісті қазақ тілін үйретуге бейімдеген Ф. Оразбаеваның қатысым әдіс технологиясын басшылыққа алып келеміз.

Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамыз. Неліктен қатысымдық әдіске тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:

1. Тікелей байланыс

2. Адамның жеке қабілетін ескеру

3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау

4. Сатылап даму

5. Динамикалық өзгеру

6. Өзектілік

Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. (ІІІ принцип)

Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. Тыңдаушыларды аймақтық компоненттерді «Қазақстан», «Алматы қаласы», «Менің көшем», «Менің отбасым», «Дүкенде», «Стадионда», «Дәрігерде», «Жыл мезгілдері» тағы сол сияқты тақырыптарды оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге болады

Тақырыпты қандай жұмыс түрлері арқылы ашуға болады?

- Диалог


- Викторина

- Карточкакмен жұмыс

- Сурет бойынша жұмыс

- Инсценировка

- Тест

- Экскурсия



- Тыңдаушылардың шығармашылық жұмыстары «шығарма, тақпақтар,

альбомдар)

- Пән бойынша шығармашылық жұмыстар

- Интеграцияланған сабақтар

Енді осы тақырыптардың кейбіреулеріне тоқталайық.

Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асады:

1. Жұптық

2. Топтық

3. Ұжымдық

Тыңдаушыларды «Алматы қаласы» атты лексикалық тақырыпты оқығанда карточкамен жұмыс екеу ара сөйлесу тағы сол сияқты жұптық қалыппен жұмыс істедім. Карточкаларды әр жұпқа үлестірдік.

Үлгі: І «Алматы қаласында көшелер кең, таза. Мен Абай даңғылында тұрамын» т.с.с. Бірінші тыңдаушы оқиды, екіншісі тапсырманы орындайды. Осыдан кейін карточкалар екінші жұппен алмасып, бірінші тыңдаушы жазады, ал екінші тыңдаушы оқиды.

Үлгі: ІІ Екеу ара сөйлесуде тапсырманың желісі төмендегідей болады

- Сен жексенбі күні Есентай өзеніне дем алуға барасың ба?

- Жоқ, мен жексенбі күн « Арман» кинотетрына кино көруге барамын. Өзің ше?

- Мен жексенбі күні Шымбұлаққа шаңғы тебуге барамын.

Тілді топтық форма арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды қатысымдық әдістің қағидаларына бейімдеудің нәтижесінде жүреді. Топтық қалып бойынша бір адам кем дегенде екі не одан да көп адамдармен бірден қарым – қатынасқа түседі. Яғни сөйлесуші ойын, пікірін, атқаратын жұмыстың мақсатын бірнеше адамдарға қатар жеткізеді. Бұл қалып бойынша жұмыс сұқбаттық түрінде де, монолог түрінде де іске асуы мүмкін.

Мысалы: «Қазақстан қалалары» тақырыбын алайық. Нәтиже сабағында топқа бөліп, бірінші топқа: «Теледидар бойынша ауа-райын болжау», екінші топқа «Ауғанстанның ауа-райы туралы сөйлесу», үшінші топқа «Кеше саяхатқа бардық. Ауа-рай туралы әңгімелеу», төртінші топқа « Ұялы телефонмен сөйлесу».

Бір қызығы осы топтық жұмыс барысында бірінші топ тыңдаушыларының жауабына бүкіл топ араласып, соңы ұжымдық қалыпқа ауысты. Себебі, тыңдаушылардың назарын аудару үшін (тыңдап отырған) ситуациялық жағдаят тудырдық: Мынау тікелей эфир. Сендер әр қалада тұрасыңдар. Өздерің тұрған қаладағы ауа-райын сұрауларыңа болады – деп едік, «Дикторлар» сөйлеп болысымен: «Кешіріңіз, Ауғанстанда ауа-рай қандай болады?», «Алматыда ауа-рай қандай болады?» - деп әр жерден сұрақ қойып тыңдаушылар сөйлесіп кетті. Жалпы ұжымдық қалып жұптық және топтық қалыптарда өзара біріктіреді деген Ф.Оразбаеваның пікірінің дұрыстығын осы сабақта өте айқын көріп, ұқтым.

«Менің қалам», «Туған жерім» модулі бойынша нәтиже сабағы тартымды өтті. Әр топ тыңдаушылары Алматы туралы өте жақсы білетіндерін, ол туралы сөйлей алатындарын көрсетті.

І- топ: Алматы көшелері

ІІ топ: Алматыдағы дүкендер

ІІІ топ: Алматыдағы мұражайлар

IV топ: Алматыдағы ескерткіштер

Әр топ ситуациялық жағдаят тудырып, тіпті шағын инсцинировка да көрсетіп жіберді. Мысалы: Менің досым Тофан Ауғанстаннан келді. Біз Тофанға Алматыдағы мұражайлар туралы айтамыз – деп бастаған бір тыңдаушыны. Топтағы екі тыңдаушының сұқбаты жалғастырды.

- Мынау этнографиялық мұражай. Ол орталық көшеде орналасқан.

- Онда нелер бар?

- Мұражайда әр ұлттың киімдері, ыдыстары,тұрмыс салтқа байланысты құрал – жабдықтар бар.

- Ол қандай ұлттардың киімдері?

- О, Алматы қаласында көптеген ұлт өкілдері тұрады екен. Олар: қазақтар, орыстар, немістер, кәрістер. Олар тату тұрады екен. Сен мұражайға барасың ба?

- Әрине, барамын. Қашан барамыз?

- Ертең.

- Жақсы, сау бол.

- Сау бол, Тофан.

Осындай сөйлесулерде тыңдаушылардың Қазақстанға, қалаға, көшеге деген сүйіспеншіліктері, мақтаныштарын дауыс ырғағынан байқалып, қуантады. Әрине, бұндай нәтижеге алдыңғы сабақтарды тиімді, тартымды өтудің арқасында ған жетуге болады.



Біздің факультетіміздің оқытушылары интеграцияланған сабақтарды жиі өткізіп тұрамыз.Қазақтың ұлт аспаптары туралы айта келе, бұл сабақта домбыраға тоқталып, домбыраның түрлерін видеокассетадан көрсетіп, үнін таспадан тыңдатып , тілімізді құрметтеуді үйренуге құлшыныс мақсаттары көзделсе, ұлттық тәрбие алуға қызмет етті деп ойлаймыз. Сабақ соңында «Қазақстан Республикасының Әнұраны» айтылып,сенің туған жерің қай жер? деген сұраққа жауап берді.Жоғарыда тыңдаушылардың сұқбатынан мұражайлармен тығыз байланыста екенін ұғуға болады.Мұражай қызметерлері келіп,Тәуелсіздік мерекелерінде кітап көрмесін ұйымдастырды . Тыңдаушылар да мұражайға саяхатқа барып, аймағымыз туралы мұражай қызметкерлерінен естіп, сұрақтар қойып, экспонаттар көргеннен кейін, сабақта сол жайында сұқбаттар құрайды. Шағын шығармалар жазады. Осы жұмыс түрлерімен қатар сабақта қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компоненттік пайдалануда жаттығу, тестілеу, шағын шығармалар түрлендіріп беріледі. (көрсету)

Әр тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру практикамызға енген. Бұл тапсырмалар тыңдаушының оқыған – тоқығанын ұмытпауға жақсы ықпал етеді және тапсырманы шығармашылықпен, асықпай сапалы орындауға көп пайдасы бар. Тақырыптың өзектілігі негізгі бір сабақта орындалуы мүмкін, керісінше бірнеше сабақта, тіптен сабақтар жүйесіне, практикалық түрге де созылуы мүмкін. Мысалы мынандай тапсырмалар: «Менің ең қызықты бір күнім», «Менің қалам », « Театрдан алған әсерім » атты тақырыптарда осы жүйелікті байқауға болады. Тыңдаушылар қай жерде демалғандарын айта келе Алматының табиғаты, демалатын орындарын сипатта жазып, фотосуретке түсіріп қаттап алып келеді.Бұл да сабаққа қызығушылығын арттыруға, жауапкершілік сезімдерін дамытуға үлкен үлесін қосады. Сонымен бірге өз туған жеріне деген мақтаныш, махаббат сезімдерін одан әрі дамытады. Тілді үйретудың басты түйіні, кілті – қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабақта осы қарастырылып отырған аймақты компонентті тақырыбына тілдесе білуден басталып кез келген ортада рікірлесуге дейін жетеді. Сондықтан оқытудағы әр турлі жұмыстар орталық өзектен пайда болып келіп, басты түйінге айналып соғып отыруы керек.Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен салаларды тізбектеп оқыта берумен емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұраптап ала білумен, сөйлеу материалды танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді.Жұмыс барысында нәтижеге тек қатысымдық әдіспен қатар, басқа да иновациялық технологиялардың элементтерін қолданып, солардың жақсы нәтижесін тыңдаушыларымның жетістіктерінен көріп келемін. Біріншіден, оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары жоғары. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде тыңдаушылар берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап беру дағдылары даму үстінде. Оны тыңдаушыларының ақпан айында өтетін конференцияға мақалалар жазу барысындағы дайындалу кезінде көруге болады. Тақырыптарын жан – жақты талқылау, толықтыру кезеңі қызу өтуде (топтар ішінде). Үшіншіден тыңдаушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсуде. Берілген тапсырмаларды қосымша шығармашылықпен орындап келген тыңдаушыларды көргенде әрине қуанышым шексіз, сонымен қатар, сабағымыз қызықты, тартымды өтуіне оқытушы ретінде барлық күшімізді аямаймыз.Төртіншіден ауған тыңдаушыларының тілді үйрену барысында жұмыстардың кішкене болса да нәтижесі бар деп түсінемін. Әрине бұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі жалғастыру басты міндетіз. Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек екендігін қазіргі таңда әр оқытушы түсінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет