Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет24/53
Дата08.02.2022
өлшемі157,05 Kb.
#122501
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР (1)

Тезис:


Қаржы министрлігі кредиттік валюталық ақша салық және кедендік саясаттармен өзара байланысты мемлекеттің бірыңғай қаржылық саясатының стратегиялық бағыттарын әзірлеу және іс жүзінде жүзеге асыру сондай-ақ мемлекеттің сыртқы экономикалық қаржылық саясатын әзірлеуді жүзеге асыратын орталық қаржылық экономикалық орган. Қаржылық жоспарлауды құқықтық реттеу қаржылық жоспарларды әзірлеу қарау бекіту және орындауды ұйымдастыру процестерін жүзеге асырушы жоспарлы қаржылық органдардың құзыреттерін сондай-ақ қаржылық жоспарларды әзірлеу қарау және орындауды ұйымдастыру жөніндегі негізгі ережелерді белгілейтін қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты.
Қаржылық жоспарлау қаржылық жоспарларды жасау, қарау, бекіту және орындалуын ұйымдастыру процесі.
Қаржылық жоспарлау сатылары:

    1. Қаржылық жоспарлардың жобасын жасау.

    2. қаржылық жоспарларды қарау.

    3. қаржылық жоспарды бекіту.

    4. қаржылық жоспардың орындалуын ұйымдастыру және оның атқарылуын бақылау.

Қаржылық жоспардың құқықтық формасы қаржылық жоспарлық актілер. Қаржылық жоспарлар жүйесі:



  1. Мемлекеттің құрама қаржылық жоспары.

  2. мемлекеттік бюджет.

  3. Мемлекеттің валюталық жоспары.

  4. мемлекеттік кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржылық жоспарлары.

  5. мемелкеттік банктердің қаржылық жоспарлары.

  6. Министрліктер мен ведомстволардың қаржылық жоспарлары.

  7. мемлекеттік сақтандыру компанияларының қаржылық жоспарлары.

  8. бюджеттік мекемелердің сметалары мен қаржылық жоспарлары.

Қаржылық бақылаудың құқықтық реттеу қаржылық бақылау органдарының жүйесімен құзыреттерін сондай-ақ қаржылық тексерулдерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейтін қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты. Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және жеке мекемелердің ақша қорларын құру, білу және пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының өзара байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп көрсеткен. Ресейлік ғалым О.Н. Горбунова қаржы жүйесін екі тұрғыдан қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық институттардың жиынтығы;
ә) өздерінің құзыреттерінің шегінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.
Ал қаржылық институттардың жиынтығы өзіне орай мемлекеттің қаржы жүйесін құрды. Қаржы жүйесі мемлекеттің нарыққа өту жағдайында дамуының өзгешеліктерін көрсете отырып мынадай буындардан тұрады:

  1. Федералдық, федерация субъектілерінің бюджеттерінен және муниципалдық бюджеттерден тұратын бюджет қоры;

  2. Бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;

  3. Бюджеттен тыс орталықтандырылмаған мақсатты қорлар;

  4. Шаруашылық субъектілер мен салалардың қаржысы;

  5. Мүлікті және жеке басты сақтандыру;

  6. Мемлекеттік және банктік кредит.

Негізінде қ“аржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімдерді білуге байланысты
экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды. Қаржылардың ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық категориясына жататындығын және олар ды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын көрсетеді. Қаржыларды экономикалық категория қатарына біліп, жеке -дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп білуіміз қажет. Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз.
Ал экономикалық қатынастар өндірістік қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық қатынастар өндірістік қатынастардың бір білігі ретінде базистік қатынастарға жатады. Қазақстандық экономист-ғалым Мельников В.Д. қаржылардың қаржылық қатынастардың қалыптасуын және туындауын былайша көрсетеді: қоғамдағы ұдайы өндіріс процесі бір- бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді төрт сатыдан тұрады: өндіру (өндіріс); білу; айырбастау; тұтыну.
Осы ұдайы өнд ірістің төрт сатысы арқылы қоғамдық өндіріс процесіне қатысушылардың арасындағы тауарлық қатынастардың бар жоғы анықталады, өйткені өндірілген өнімдер бұл жерде сату-сатып алуға жататын тауарға айналады. Бұл өнімдер тұтынудан бұрын білу ғана емес, солармен қатар қатынасқа қатысушылардың да талаптары мен мүдделерін қанағаттандыруға тиісті. Осыдан байқайтынымыз өндірілген материалдық немесе материалдық емес өнімдер, көрсетілген қоғамдық өнім ретінде заттай және ақшалай түрінде көрсетіледі.
Бұл жерде өндірілген өнімдер мен басқа да қажетті заттар, қызметтер – ақшаның, яғни жалпыға бірдей балама және құндылық өлшемінің көмегімен өлшенеді. Қаржылардың экономикалық категория ретіндегі қызметтері қоғамдық жиынтық өнімді білу кезінде анық көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет