Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет45/53
Дата08.02.2022
өлшемі157,05 Kb.
#122501
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР (1)

Тезис:


Кең мағынада “сақтандыру” қандай да бір келеңсіз жағдайлардан сақтауды, қорғауды білдіреді. “Сақтандыру” сөзі “страх” – қорқыныш, үрей деген сөзден шыққан. Сақтандыру құқығы қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің бір институты. Сақтандыру қатынастарны Қазақстан Респубюликасының “Сақтандыру қызметі туралы” Замен реттеледі.


Сақтандыру қатынастарының негізгі қатысушылары болып сақтанушы мен сақтандырушы болып табылады. Сақтанушы – сақтану үшін сақтандырушыға сақтандыру өтемін төлейтін тұлға.
Сақтандырушы – сақтандыру төлемі арқылы сақтанатын тұлғаны сақтандырушы субъект. Сақтандыру ісі бойынша сақтандырылған тұлға, сақтандыру төлемі, сақтандыру өтемі, сақтандыру жағдайы, сақтандырудың объектісі, сақтандырудың пәні және сақтандыру тәуекелі болады.
Сақтандыру өзінің сипатына байланысты бірнеше түрлерге бөліп қарастырылады. Сақтандыру міндеттілік дәрежесіне байланысты ерікті сақтандыру және міндетті сақтандыру, объетісіне байланысты жеке сақтандыру және мүліктік сақтандыру болып бөлінеді. Міндетті сақтандыруда сақтандыру заңмен екінші тараптарға жүктеледі, яғни міндетті болып табылады. Ал, ерікті сқатандыру бойынша ондай мәжбүрлеу болмайды.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін сақтандыру ұйымдарын құру жағдайлары Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы” Заңында қарастырылған.
Жеке және заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері мен
резидент еместері ңзада және уәкілетті мемлекеттік органның өзге де нормативтік
ққұқықтық актілерінде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола алады. Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акциолнері болып табылатын қстаандыру ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады.
Сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттар табыс етіледі:

  • сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алуға өтініш;

  • нотариат куәландырған және заңдарда белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының үш данасы;

  • сақтандыру ұйымын құру туралы шешім қабылданғанын дәлелдейтін құжаттар;

  • құрылатын сақтандыру ұйымының таяаудағы үш жылға арналған актуариймен куәландырылған ұйымдастыру шараларының жоспарын,т.б.;

  • өтініш берушінің құрылтайшылары атынан өтініш беру өкілеттігін растайтын нотариат куәландырған құжат.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет