Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет8/53
Дата08.02.2022
өлшемі157,05 Kb.
#122501
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР (1)

Маңыздылығы бойынша:

  1. материалдық;

  2. ұйымдастырушы.

ә) Обьектісі бойынша:

  1. бюджеттік;

  2. салықтық;

  3. банктік;

  4. сақтандыру;

  5. шаруашылық.

    1. Материалдық құқықтық қатынас – ақша қаражаттарының тікелей – біржақты қозғалысын көрсетеді. Мысалы, төлеушілерден (жеке және заңды тұлғалардан) мемлекеттің ақша қорына (бюджетке); бір ақша қорынан – екінші қорға; республикалық бюджеттен – жергілікті бюджетке; белгілі бір қаша қорынан – нақты алушыға; Ұлттық банктің ссудалық қоры (мемлекеттің орталықтандырылған несие қоры) – заңды және жеке тұлғаларға берілуі. Бұл қозғалыстар ақша қаражаттарын пайдалану процесін көрсетпейді.

Қаржылық-құқықтық қатынастардың бір жағында әрқашанда ақша беруші – корреспондент, ал, екінші жағында, ақшаны алушы – адресат тұрады. Ақша қорларының түрлеріне байланысты қаржылық-құқықтық қатынастар мынадай түрлерге бөлінеді: а)бюджеттік; ә)банктік; б)қаржылық-сақтандыру; в) қаржылық-шаруашылық.

    1. Ұйымдастырушы қаржылық-құқықтық қатынас- қаржы жұйесінің барлық құрамалы бөлімдерінің өзара бірқалыпты әрекет жасау процестерін және қаржылық бақылау істерін жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қаржылық жоспарлауды жүзеге асырады.

Қаржылық құқық өз пәніне жататын қоғамдық қатынастарды реттей отырып, осы қатынастарға қатынастарға қатысатын субьектілерді, яғни қатысушылар шеңберін белгілейді және олардың заңды құқықтары мен міндеттерін тағайындайды. Осы құқықтар мен міндеттерге ие болған қатысушылар қаржы құқығының субьектілері деп аталады.
Қаржылық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқталуы құқықтық нормаларда дәл анықталған жағдайларға байланысты болады. Бұл жағдайлар ғылыми тілде заңды фактілер деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет