Әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен стр. 1 из 62


бейтарап болуы тиіс(ҚІЖК 57-бабының 2-бөлігі). Соттың  заңды



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата12.10.2024
өлшемі454,84 Kb.
#206282
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Лекции

бейтарап
болуы тиіс(ҚІЖК 57-бабының 2-бөлігі).
Соттың 
заңды
болуы сот төрелігін атқаратын судьялардың заңда орнатылған 
тәртіппен сайлануларын немесе тағайындалуларын қажет етеді. Қазақстан 
Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Републикасы 
Президентінің ұсынуы бойынша Сенат сайлайды; облыстық және оған 
теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі 
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды; аудандық және 
оған теңестірілген соттардың судьяларын Әділет биліктік алқасының 
кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының 
Президенті тағайындайды.
Соттың 
тәуелсіздігі
Қазақстан Республикасы Конституциясында және оған 
сәйкес басқа заңдарда жазылған ережелердің сақталуы арқылы қамтамасыз 
етіледі; судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Қазақстан 
Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады; ешкімнің сот 
төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судьяларға қандай болмасын ықпал 
етуге құқығы жоқ; судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні 
жөнінде қандай бір түсінік беруге міндеті емес; соттарды қаржыландыру және 
судьяларды қамтамасыз ету жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет 
қаражатының есебінен жүргізіледі.
Соттың 
құзыреттілігі
Қазақстан Республикасы соттарының әрқайсысы өзіне 
берілген өкілеттік шеңберінде және заңмен көрсетілген қылмыстық істерді қарап 
шешетіндігін білдіреді. Аудандық және оған теңестірілген бірінші сатыдағы 
соттар облыстық соттың қарауына жатқызылған істерден басқа барлық 
қылмыстық істерді қарап шешеді. Облыстық және оған теңестірілген соттар 
бірінші, апелляциялық және қадағалау сатылары ретінде істерді қарайды. 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық және қадағалау 
сатыларындағы сот ретінде іс жүргізу қызметін атқарады.
Соттың 
бейтараптылығы
сот қылмыстық істі айыптау және қорғау 
тараптарының бәсекелестігі негізінде, істің мән-жайларын жан-жақты, толық 
және объективті зерттеу арқылы әділ шешуге тиісті екендігін білдіреді. Сотың 
бейтараптығын қамтамасыз ету ақсатында, егер судья тікелей немесе жанама 
түрде осы іске мүделлі болса, онда ол бұл істі қарауға қатыспауы тиіс. Сонымен 
қатар, сот қылмыстық істі қарау кезінде процеске қатысушы адамдардың 
құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып, олардың барлығының да 
қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын сақтауларын қамтамасыз етуге 
міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет