Әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен стр. 1 из 62


Тұрғын үйге қол сұқпаушылық



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата12.10.2024
өлшемі454,84 Kb.
#206282
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Лекции

Тұрғын үйге қол сұқпаушылық. 
Бұл принцип Қазақстан Республикасы
 
Конституциясының 25-бабында баян етілген: тұрғын үйге қол сұғылмайды және 
соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді; тұрғын үйге басып 
кіруге, оны тексертуге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп 
бойынша ғана жол беріледі.
Меншікке қол сұқпаушылық. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының
 
26-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы қорғалады және қамтамасыз 
етіледі. Бұл принцип ҚІЖК-нің 18-бабында да бекітілген. Осы баптардың 
нормалары бойынша: барлық азаматтар заңды түрде алған қандай да болсын 
мүлкін жеке меншігінде ұстай алады; меншік құқығы, оның ішінде мұрагерлік 
құқығы заңмен қорғалады, соттың шешімінсіз ешкімді де мүлкінен айыруға 
болмайды.
Кінәсіздік 
презумпциясы. 
бұл 
принцип 
Қазақстан 
Республикасы
 
Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1,6,8 тармақтарына сәйкес келетін ҚІЖК-
нің 19-бабында тұжырымдалып жазылған: 1) адамның қылмыс жасағандағы 
ҚРҚІЖК көзделген тәртіппен дәлелденгенде және соттың заңды күшіне енген 
үкіммен танылғанға дейін ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады; 2) 
айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 3) айыпталушының 
кінәлілігі жөнінде сейілмеген күдік оның пайдасына қаралады; 4) айыптау үкімін 
болжамдауға 
негіздеуге 
болмайды 
және 
үкім 
шындыққа 
жататын 
дәлелдемелердің жиынтығымен расталуы тиіс.
Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі. 
Қазақстан
 
Республикасы 
Конституциясының 
77-бабы 
3-бөлігінің 
2-тармағында 
көрсетілгендей, бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық 
немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Осы конституциялық нормаға 
сәйкес ҚІЖК-нің 20-бабында ешкімде нақ бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық 
жауапқа тартылмайды деп көрестілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет