Әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен стр. 1 из 62


Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата12.10.2024
өлшемі454,84 Kb.
#206282
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Лекции

Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен 
бостандықтарын қорғау. 
Бұл принцип бұрын қаралған заңдылық принципімен
 
тығыз байланысты болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу органдарының 
заңдылық принципін сақтауы процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен 
бостандықтарын қорғауды талап етеді. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган 
қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын 
қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, процеске қатысушылардың 
заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға мiндеттi.
Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен 
бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиян ҚРҚІЖК-нде көзделген 
негiздер мен тәртiп бойынша өтелуге тиiс.
Жәбiрленушiнi, куәнi немесе қылмыстық процеске қатысушы өзге де 
адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын 
туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен, не 
өзге де заңға қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытқандығына жеткiлiктi негiздер 
болған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретi шегiнде бұл 
адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға 
заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
Жеке өмірге құл сұқпаушылық, хат жазысудың, телефон арқылы 
сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында былай жазылған:


әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен 
стр. 8 из 62

әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауға, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-
намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар



әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан 
хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф 
арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы 
сақталуына құқығы бар; 



бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана 
жол беріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет