Әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен стр. 1 из 62



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата12.10.2024
өлшемі454,84 Kb.
#206282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Лекции

процессуальдық
нысан 
-
 
заңмен белгіленген қылмыстық іс жүргізудің тәртібі деп түсіндіріледі.
 
Яғни, процессуальдық нысан ұғымы қылмыстық жүргізудің сыртқы бейнесі
көрінісі дегенді білдіреді. Процессуальдық нысанының ішкі құрылымы 
қылмыстық іс бойынша заңға сәйкес орындалатын іс-әрекеттердің жиынтығынан 
тұрады.
Қылмыстық істі жүргізуші мемлекеттік органдар мен іске қатысушы басқа да 
тұлғалар өз мақсаттарына сәйкес заңды түрде іс-әрекеттер жасайтын 
болғандықтан олардың қызметі бірнеше жеке бағыттарға бөлінеді. Осы 
субъектілердің қылмыстық процестегі қызмет ету бағыттары процессуальдық 
функциялар деп аталады. Дара мағынада айтқанда, 
процессуальдық функция
деген – қылмыстық процесс субъектісінің өз мақсаттары мен міндеттеріне немесе 
заңды мүдделеріне сәйкес атқаратын іс-әрекеттер жүйесі болып табылады.
Процессуальдық функциялар негізінен үш түрге бөлінеді: 1)айыптау, 2) 
қорғау, 3) қылмыстық істі соттың шешу функциясы. Бұлардың ішінде алдымен 
айыптау функциясына тоқталу қажет. Себебі, қылмыс жөнінде айыптау болмаса, 
онда қылмыстық іс жүргізу де болмайды. ҚІЖК – де бұл фунция «қылмыстық ізге 
түсу» және «айыптау» терминдері бір мағынаны білдіреді.
Айыптау функциясының мәні – қылмыстың болғандығын анықтау және оны 
жасаған адамның кінәлілігін дәлелдеу, срндай-ақ бұл адамға жаза немесе өзге 
құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 
атқарылатын іс-әрекеттер болып табылады. Бұл функцияның атқаратын 
субъектілерге мыналар жатады: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, 
анықтау органы, анықтаушы, жәбірленуші (жеке айыптаушы), азаматтық талаптар 
және заңды өкілдер мен өкілдер. Бұл аталған субъектілер айыптау тарабы деп 
аталады, яғни бұлар айыптау тарабын құрайды.
Қылмыстық іс жүргізу кезінде оған қатысушылардың арасында, яғни 
олардың атқаратын функцияларына байланысты құқықтық қатынастар 
туындайды. Бұл қатынастар қылмыстық іс жүргізу құқығымен реттелетін 
болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары деп аталады. 
Ал, толығырақ айтқанда, қылмыстық іс жүргізу құқықтың қатынастары немесе 
процессуальдық қатынастар дегеніміз – қылмыстық процесс субъектілернің 
арасында заңға сәйкес туындайтын және осы суъектілердің құқықтары мен 
міндеттері болуымен сипатталынатын нақты байланыстар деп түсіну қажет. 
Процессуальдық қатынастардың өз субъектілері мен объектісі бар және бұл 
субъектілердің құқықтары мен міндеттері заңда құқықтық нормалар түрінде 
көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет