Әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен стр. 1 из 62


« қылмыстық іс бойынша өндіріс»



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата12.10.2024
өлшемі454,84 Kb.
#206282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Лекции

«
қылмыстық іс бойынша өндіріс»
деп те аталады (орысша: «производство по уголовному делу»).Бұл жағдайда 
«өндіріс» деген сөз заңды түрде жүргізілген іс-әрекеттердің орындалуын және ол 
іс-әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Мәселен, алдын ала тергеу жүргізуге кірісу 
үшін тергеуші алдымен қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы 
шығарып, содан кейін қылмысты тез және толық ашу міндетін орындауы тиіс. 
Тергеушінің, сол сияқты анықтаушының да, қылмыстық іс бойынша атқаратын 
осындай қызметі «сотқа дейінгі қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп аталады. Ал, 
қылмыстық іс сотқа сотқа келіп түскеннен кейін болатын іс-әрекеттер қызметін 
«соттағы қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп айту қате емес.
Қылмыстық іс жүргізу ұғымымен қатар осы қызметке сәйкес 
ғылыми сала
және 
оқу пәні
ұғымдарында білу қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу қызметі 
және бүл қызметті зерттейтін ғылым саласы мен оған сәйкес оқу пәні ұғымдары 
өзара байланысты болғанымен, олардың әрқайсысы жеке ұғым болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу заңмен реттелген мемлекеттік қызметтің арнайы 
саласы болғандықтан, оның қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты 
екендігі айқын болып табылады. Бұл жөнінде өткен ғасырдың 60-жылдары М.С. 
Строгович былай деп жазған: «Қылмыстық істерді тергеу және шешу тәртібі 
,тергеу және прокуратура органдарының, сондай-ақсоттың қызметі, олардың 
қылмыстық іс бойынша өндіріске қатысушы азаматтар және ұйымдармен қарым-
қатынасы қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі» .Осы 
айтылғанның өзінен қылмыстық процесс ұғымының қылмыстық іс жүргізу 
құқығы ұғымынан айырмашылығы көрінеді:қылмыстық іс жүргізудің тікелей 
мағынасы іс жүргізу қызметін білдіретін болса, ал 
қылмыстық іс жүргізу
құқығы 
-
 
осы қызметті және осы қызметті атқару кезінде туындайтын қоғамдық
 
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Яғни, 
М.С.Строговичтің айтқанындай, «қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні


әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен 
стр. 3 из 62
қылмыстық іс бойынша өндірістің (алдын ала тергеу жүргізу мен істі сотта қарап 
шешудің) рәсімін орнату деп түсіну қажет». Бұл ұғымға қазіргі ресейлік басқа да 
ғалымдардың пікірі сәйкес келеді. Мысалы, П.А. Лупинскаяның жазуы 
бойынша,қылмыстық іс жүргізу құқығы-бұл қылмыстық істерді тергеу,талқылап 
шешу қызметін реттейтін заңда баяндалған ережелер жүйесі, яғни құқықтық рәсім 
ережелері болып табылады. Осы қылмыстық іс жүргізу құқығының 
нормаларымен орнатылған қызмет атқару тәртібіне мемлекеттік органдар да, іске 
қатысушы азаматтар мен ұйымдар да бағынышты және бұл тәртіпті толық 
сақтауға міндетті болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу қызметінің барысы бірнеше, әрқайсысының жеке 
маңызы бар кезеңдерге бөлінеді. Ол кезеңдер қылмыстық процесстің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет