әл-Фараби ҚазҰУ атындағы
оқу әдістемелік кешен
стр. 7 из 62
Әрбiр ұсталған адамға ұстаудың негiзi, сондай-ақ ол жасады деп сезiк
келтiрiлген немесе айыпталған қылмыстың
заңдық сипаттамасы дереу
хабарланады.
Сот, қылмыстық iзге түсу органдары заңсыз ұсталған немесе қамауға
алынған, немесе медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе
үкiмде көзделгендегiден артық мерзiмге күзетпен ұсталған адамды дереу босатуға
мiндеттi.
Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға,
қатал немесе адамның қадiр-қасиетiн түсiретiн әрекет жасауға болмайды.
Ешкiмдi де адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп туғызатын iс жүргiзу
әрекеттерiне қатысуға тартуға болмайды. Адамның
жеке басына тиiспеушiлiктi
бұзатын iс жүргiзу әрекеттерi адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы
ҚРҚІЖК тiкелей көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жүргiзiлуi
мүмкiн.
Өзiне қатысты жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды,
сондай-ақ қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған
адамды қамауда ұстау оның
өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиiс.
Заңсыз бас бостандығынан айыру, өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайда
ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтiрiлген
зиян ҚР ҚІЖК-мен
көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: