Әл-фарабидің кітабынан алынған кейбір есептерге түсініктеме


Мысал - 3: Шеңберлердің бірін С нүктесін айналдыра бұру есебі



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі491,72 Kb.
#93162
1   2   3   4
Байланысты:
әл фараби Аяулым

Мысал - 3:
Шеңберлердің бірін С нүктесін айналдыра бұру есебі
Берілгені: Екі тең шеңбер, А мен В –центрлері, С мен D –осы шеңберлердің қиылысу нүктелері. Табу керек: шеңберлердің бірі екіншісімен беттесуі үшін оны С нүктесінен айналдыра қандай бұрышқа бұру керек екенін.
Шешуі: Радиустары АС=CB, центрлері А және В нүктелері болатын екі өзара тең шеңберді салайық. Шеңберлердің центрлерінің арақашықтығы АВ болсын.
С және D нүктелерінде қиылысу үшін АВ арақашықтығы екі радиустан кіші болуы керек. Екі радиусқа тең болғанда шеңберлердің бір ортақ нүктесі болады және АВ>2АС болғанда мүлдем қиылыспайды.
Центрі В нүктесі болатын шеңберді сағат тілі бағытымен немесе центрі А нүктесі болатын шеңберді сағат тіліне қарсы бағытта С нүктесінен айналдыра бұрғанда А және В нүктелері беттесуі керек.
Бұру бұрышы шеңбердің радиусы мен (оны R деп белгілейік) олардың центрлерінің АВ арақашықтығының қатынасына байланысты. Демек, ізделінді бұру бұрышы -˪АСВ, мұндағы А мен В –шеңберлердің центрлері.
Мысал – 4:
Центрі D болатын шеңбер берілген. Шеңберден тыс жатқан А нүктесінен жанама жүргізу керек.
1) A және D арасына түзу жүргізіп, шеңбермен қиылысу В нүктесін белгілейміз;

2) Радиусы DA-ға тең болатын шеңбер сызамыз;

3) В нүктесінен перпендикуляр жүргізіп, оның радиусы DA-ға тең болатын шеңбермен қиылысатын Е нүктесін белгілейміз;

4) ЕD кесіндісін жүргізіп оның шеңбермен қиылысатын С нүктесін белгілейміз;

5) А және С нүктелерін қоссақ, ол берілген шеңбердің жанамасы болып табылады.

Себебі, екі үшбұрыш ΔDCA=ΔDBE болғандығынан <АСD тік бұрыш болады. Сондықтан АС шеңберге А нүктесінен жүргізілген жанама болады.
Екінші шешімі: диаметрі DA кесіндісіне тең болатын шеңбер сызсақ, ол берілген шеңберді бір С нүктесінен қияды.

D және C нүкетелерін қоссақ ол берілген шеңбердің радиусы болады. СА және СD кесінділері соңғы сызылған шеңбердің диаметріне тірелгендіктен

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет