Ел оқитын кітап таңдалды! Қымбатты жерлестер!



Дата05.11.2016
өлшемі313,12 Kb.
#997
Ел оқитын кітап таңдалды!
Қымбатты жерлестер!

2016 жылғы жыл кітабы таңдалды. Баршаңызды ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлының шығармаларын жаппай оқуға шақырамыз.



« Нақтырақ .....»

Ел оқитын кітап таңдалды!
Біз осы жылдар ішінде Акцияны ұйымдастыру комитетінің шешімімен Ұлы Абайдың “Қара сөздерінен” бастау алып, Мұхтар Әуезовтің “Қилы заманына”, Мағжан Жұмабаевтың “Жан сөзіне”, Жұбан Молдағалиевтың «Мен-қазақпын», Жүсіпбек Аймауытовтың “Ақбілегіне”, Оралхан Бөкейдің «Қайдасын қасқа құлыныма», Фариза Оңғарсынованың «Дауасына», Сайын Мұратбековтің «Басында Үшқарасына», Ильяс Есенберлиннің «Көшпенділеріне» жалғасқан бір ел болып, қауымдасып кітап оқуда “Енді кімнің кезегі?” деп елеңдеп отырған ел оқырмандарының сауалына «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитеті мүшелерінің 19 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында ҰҒА академигі Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен отырыста ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне қомақты үлес қосқан Дулат Бабатайұлы шығармаларын оқуды таңдады.

Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын.

Ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектептің сегізінші сыныбына арнаған С.Мұқанов пен Қ.Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор Қ.Жұмашев өзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қорытындысын жасады.

Ел тәуелсіздігі үшін күресте қазақ халқының алауыз болмай, бірлігі шығым болуы шарт екенін де атап айтады. Бұл мәселеде ол құмырсқаның тірлігін үлгі етеді.

Сендер түгіл құмырсқа

Бір орыннан табылып,

Ісін қойып дұрысқа.

Біріне –бірі бағынып,

Илеуін сап жабылып,

Береке бірлік шақырды.

Жемін толып сабылып,

Жәндіктің ең кішкенесі құмырсқа да бірлесе илеуін салады, тірлік үшін күресіп, дамыл таппайды. Біз сол құмырсқа құрлы бірлік-тірлік жасауға тиіспіз деп, халық намысына тиеді. Дулаттың осы бір пікірін кейін ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсаринде қайталап, оқушыларын еңбекке, бірлікке тәрбиелеген еді.



Оның туындылары 1965 жылы шыққан «Үш ғасыр жырлайды» («Жазушы»), 1989 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрастырған екі томдық «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енді.  Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ақын мұралары қайта зерттеліп, оның бұл уақытқа дейін жарияланбаған бір топ шығармалары жарық көрді. Олар: «Өсиетнама» (Ғылым, 2001 жылы) атты толық шығармалар жинағы, 2002 жылы «Кеудем ақыл сарайы» («Ер-Дәулет») және академиктер З.Ахметов пен С.Қасқабасовтың басшылығымен 2003 жылы «Тұнық тұма» деген бір томдық жинағы, «Дулат Бабатайұлы» (Раритет, 2003) жинағы З.Серікқалиев пен Қ.Раевтың дайындауымен және Д.Бабатайұлының «Шығармалар жинағы» 2013 жылы «Ана тілі» баспасынан  жарық көрді.

Биылғы жыл бойы еліміздің барлық кітапханалары мен мектептерінде, сондай-ақ оқу орындарында, әскери бөлімдерде аталған кітап оқылып, халқымыз, жастар жазушы шығармаларымен кеңінен танысатын болады. Сондай-ақ Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған әр түрлі іс-шаралар өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет