Оқу тәжірибенің жүзеге асуы: Оқушылар қызығушылығы артып, қабілетіне қарай мамандық таңдауына, өмірден өз орнын табуына ықпал етуде.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны
Бағдарлама бойынша үйірме мүшелері әлемдегі мәселелермен толық танысады, сыни тұрғыдан ойлау, логикалық ойлау, дәлелдеу, көшбасшылық, бәсекеге қабілеттілік, өз ойын еркін жеткізе алу бойынша практикалық дағдыларын меңгередi, әдебиеттермен, ғаламтордағы ақпараттармен жұмыс iстеу тәсілдерін игереді. Турнирлар, көрсетілім ойындары, танымдық бағдарламалар, викториналар өткiзу барысында оқушылардың шығармашылық қабiлеттерi дамиды.
Жеке зерттеу жұмыстарының нәтижесінде оқушылар біледі: Жер бетінің әр адамы сол әлемнің мәселелерін білуге және оны шешуге тырысуы керек екенін. Болашақта қандай мәселеге тап болса да қиындықтан шығу жолдарын оңай табуға бағыт-бағдар беру.
Бағдарламаны меңгеру кезінде бірінші орында оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына үлес қосу.
Күтілетін нәтиже :
Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану;
Пікірсайыс арқылы белсенді азаматтық позициясы бар, жаңарған қоғамның жаңа азаматтары тәрбиеленеді.
Басқа адамдардың көзқарастарымен санаса алатын озық ойлы азаматтардың қатарын көбейту;
Жастарды өз бетімен білім алуға, ізденуге дағдыландырады;
Жастардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауларына, пікір алмасуына, қарым-қатынас диалогін орнатуға мүмкіндік туғызады.
Саяси сана сезімі, қоғамға көзқарасы ерекшеленеді
Оқулық арқылы берілетін әдеби құндылықты терең меңгереді
БАҚ құралдарын, кітапхана оқулықтарынан қажетті мәліметті ала алады
Көпшілік алдындағы сайыстарға еркін қатысады
Заман талабына сай туындаған жастардың өзекті мәселерін талқылап оның шешілу жолында үздік ұсыныстар дайындау
ОҚУ – КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |