Бағдарламаның мақсаты – бала зейiнiн күнделікті болып жатырған оқиғаларға, оларды шешудің жолдарына аудару, көпшілік алдында сөз сөйлеу қиын емес екенін көрсету, сыни және логикалық ойлауды қалыптастыру.
Бағдарламаның білімділік мақсаты:
Пікірсайыс, экономика, саясат, әлеуметтану және құқық жөнiндегi бiлiмдерiн кеңейту және тереңдету, оқушыларды белсендi бiлiм алу дағдысына тарту, оқу-танымдық iскерлiктерi мен бәсекеге қабілеттілік дағдыларын дамыту, ой-өрiсiн кеңейту.
Пікірсайыстың қазіргі қоғамдағы рөлінің маңыздылығы, әлемдегі саяси жағдайлардың дәлел екендігі.
«Тыңдау, жазу, сыйлау» ережелерін қалыптастыра отырып есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқушыларға күнделікті алып жүрген ақпараттарын синтездеуге, анализдеуге үйрету. Әр түрлі пікірлерді екіжақты қарастыруға үйрету.
Бағдарламаның тәрбиелік мақсаты:
«ойында қарсылас болғанмен, өмірде дос болыңдар!» тіркесін өмірде де қолдануға негіз болу;
тыңдай білу мәдениетін дамыту;
көпшілік алдында сөйлей білу мәдениетін қалыптастыру;
уақытты тиімді пайдалану және аз уақыттың ішінде тек керекті ақпараттарды ғана жеткізіп үйрену;
Бағдарламаның дамытушылық мақсаты:
Оқушының жеке басының тұлғалық қалыптастыру кезеңі – өмірде өз орнын іздеумен, мамандық таңдауға талпынысымен ерекшеленеді. Оқушы арманы мол, қиялы қанатты мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдай туралы толғанысты кең шағы. Адамгершілік, азаматтық, терең ойлылық, бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қабілеттерінің тереңдей түсуіне әсері мол. Бастысы әр оқушы өзінің қай тақырыпта болмасын сауатты ұрпақ болып қалыптасады. Бағдарлама бойынша жүргiзiлген сабақтардың нәтижесiнде мектеп оқушылары әлемдегі оқиғалармен, оның себептерімен, шешу жолдарымен танысады, көпшілік алдында сөз сөйлеу, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын игереді. Оқушылар практикалық сабақ кезінде практикалық алған білімдерімен пікірсайыс ойындарын ойнап көруге, сол арқылы анық та қысқа, түсінікті де еркін сөйлеуге үйренедi. Пікірсайыс турнирлері оқушылардың алға қарай ұмтылуына, білімнің молаюына, шығармашылық дамуына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |