Еламанова Айгуль Бисенгалиевна 2024-2025 оқу жылы Түсінік хат Өзектілігі: «Аргументтер алаңы» бағдарламасы



бет5/5
Дата23.09.2024
өлшемі34,89 Kb.
#204904
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дебат жоспар 23-24 дебат

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫ
«Дебат» үйірме І топ
Барлығы: 74 сағат, аптасына: 4 сағат



р/с

Бөлім

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты

Сағат саны

Күні

Ескерту

1

Кіріспе

Жаңа белсенді құрамды сайлау.

Оқушыларға алға ұмтылуы үшін демеу білдіру, үлгі көрсету

2

15.01




2

Дебат ұғымы, тарихы

Кіріспе сабақ. Дебат туралы түсінік

Дебат ұғымын үйрету

2

16.01




3

Дебат тарихы. Әлемге танымал пікірсайысшылар

Дебат тарихын таныстыру және әлемдегі атақты пікірсайысшыларды таныту

2

22.01




4

Пікірсайыс ережелері

Дебат ойнау барысын үйрету

2

23.01




5

Пікірсайыстағы қатысушылар терминмен аталғанда...

Терминдердің мағынасын үйрену және қолдану

2

29.01




6

Қарар дегеніміз не? Құндылықты қарар

Қарар ұғымын меңгеру

2

30.01




7

Механизмдік қарар

Механизмдік қарарды ажырата білу

2

05.02




8

Дебат форматтары
Дебаттағы негізгі ұғымдар

Американдық парламенттік формат

Америкалық парламенттік форматтың ережесін білу, соған сай ойнай алу

2

06.02




9

Британдық парламенттік формат
Линкольн-Дуглас форматы

Британдық парламенттік форматтың ережесін білу, соған сай ойнай алу
Линкольн-Дуглас форматының ережесін білу, соған сай ойнай алу

2

12.02




10

Президенттік дебат форматы.
Карл-Поппер форматы.

Президенттік дебат форматының ережесін білу, соған сай ойнай алу
Карл-Поппер форматының ережесін білу, соған сай ойнай алу

2

13.02




11

Уақыт төрешісі (time keeper). Дебаттағы уақыт өлшемдері

Уақыт төрешісінің қызметімен танысу

2

19.02




12

Төрешілік ету – маңызды қызмет

Төрешінің қызметі, төреші парағымен танысу

2

20.02




13

Пікірталас – жан-жақты білім


Дайындық жеңіс кепілі



Тәжірибе. Талдау

Сауатты кейс құру – жеңіске бір қадам

Кейс деген сұрақтың жауабын білу, кейс құрылымымен танысу

2

26.02




14

Дефиниция (кілт сөздер)

Дефиницияның ойын кезіндегі маңызын түсіну

2

27.02




15

Философия дебатта

Философиялық ой ойында позиция ажырату үшін қажеттігін білу

2

04.03




16

SQ (статус куо). Қалыптасқан жағдай

Қалыптастақан жағдай тек сандық мәлімет емес екенін айыру

2

05.03




17

Аргументация
Факт

Ойынның жүрегі аргументтерді тауып үйрену
Қосымша материалдардан қажетті ақпаратты таба білуге үйрету

2

11.03




18

Қарсылық нүктелері (ребатл)

Негізгі тақырыпқа қарсылық табу

2

12.03




19

Сараптама

Әр әрекетке сараптама жасау

2

18.03




20

Еркін тақырып қарарларын талқылау

Ойымыздан дебат тақырыбын құрастыру

2

19.03




21

Пікірсайыстағы 4 маңызды тақырып. Саясат

Саясаттану саласының дебатта кездесуінің сырын білу

2

25.03




22

Экономика

Экономикалық сауаттылықты арттыру

2

26.03




23

Құқық

Өз құқықтарын білуге үйрету

2

01.04




24

Әлеуметтік мәселелер

Әлеуметтік мәселелердің шығу себептеріне бойлату

2

02.04




25

Спикерлік ұпайлар. Фракция құру

Өз өздерін бағалауға үйрету

2

08.04




26

15 минутта жедел дайындалып үйрену

Тығыз уақытта шешім қабылдай білу дағдысын қалыптастыру

2

09.04




27

БПФ-тағы кеңейту

Бір ойдан бірнеше ой шығаруға бағыт беру

2

15.04




28

Үкімет. Оппозиция

Кез келген тақырыпты екіжақты ойлауға үйрету

2

16.04




29

Ашушы үкімет. Ашушы оппозиция. Жабушы үкімет. Жабушы оппозиция

Жаңа идея ойлап табуға, креативтілікке үйрету

2

22.04




30

Линкольн- Дуглос форматындағы қарарлар

Жеке спикер ретіндегі сөйлеу қабілетін дамыту

2

23.04




31

Тараптарды салыстыру

Салыстыру арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

2

29.04




32

БП: қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар жолдарды көрсетеді




2

30.04




33

БП: ең жақсы білім беру жүйесі бар елді көрсетеді

Білім беру саласындағы ақпараттарды синтездей білу

2

06.05




34

БП: тарихтағы бір оқиғаны өзгертеді

Тарихты білуге үйрету

2

13.05




35

Пікір-сайыс қызметі және маңыздылығы

ПОПС әдісін қолдану арқылы сайыс маңыздылығын білу

2

14.05




36

Аймақтық, аудандық, облыстық пікір сайыс видеосын көріп, ой пікірлерін ортаға салу

Көрген материалдарды пайдалана отырып, өз замандас,құрбы -құрдастарына жалпы сипаттама беру.

2

20.05




37

Қорытынды сабақ

Үйірмеге қатысқанда алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа оқу жылына жаңа идеялармен келу.

2

21.05




БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
1. Жаңа белсенді құрамды сайлау (2 сағ.)
2. Кіріспе сабақ. Дебат туралы түсінік (2 сағ.)
Үйірме мүшелеріне «Пікірсайыс шыңы» үйірмесінің маңызын, мақсатын түсіндіру. Топ белсенділерін сайлап, мәліметтер алу. Дебат, дебат туралы түсінік және оның маңызы
3. Дебат тарихы. Әлемге танымал пікірсайысшылар (2 сағ.)
Дебат қалай, қашан, қайда пайда болғаны жөнінде ақпараттарды алу. Пайда болғанынан бастап қазірге дейінгі дамуы. Әлемнің және Қазақстанның танымал пікірсайысшылары туралы ақпарат беру, олардың сол жолға қалай келген, пікірсайыста жеткен жетістіктері туралы мәлімет алу.
4. Пікірсайыс ережелері (2 сағ.)
Пікірсайыстың ережелерімен таныстыру. Тыңдау, сыйлау, жазу деген ережені жаттату. Пікірсайыста сөз қозғауға болмайтын 3 тақырыпты атау (труизм, жеке басқа тиісушілік, арнайы білімді қолдану)
5. Пікірсайыстағы қатысушылар терминмен аталғанда... (2 сағ.)
Пікірсайыстағы ойыншылар қалай аталатындығын түсіндіру (премьер-министр, оппозиция лидері, үкімет спикері, оппозия спикері, төреші, уақыт төрешісі)
6. Қарар дегеніміз не? Құндылықты қарар (2 сағ.)
Қарар дегеніміз тақырып екенін түсіндіру. Ойындағы тақырыптың екіжақты болуының маңызды екенін үйрету. Құндылықты қарарды механизмдік қарардан айырмашылығын түсіндіру.
7. Механизмдік қарар (2 сағ.)
Механизмдік қарардың анықтамасын үйрету. Құндылықты қарардан айырмашылығын ажырату.
8. Американдық парламенттік формат (2 сағ.)
Америкада пайда болған форматты түсіндіру. Құрамында 2 адам болатын 2 фракция болатынын үйрету.
9. Британдық парламенттік формат және Линкольн-Дуглас форматы (2 сағ.)
Бұл форматта 2 адамнан тұратын 4 фракция қатысады. 2 фракция үкімет, 2 фракция оппозиция болатынын үйрету.
Бұл форматта 1 адамнан қарсы ойнайды. Негізінен логикалық терең ойлауға арналған формат.
10. Президенттік дебат форматы және Карл-Поппер форматы (2 сағ.)
Бұл форматта да 1 адамнан қарсы ойнайды. Тек ЛД форматынан сұрақ қою және позиция қорғау бойынша айырмашылығы бар. Теорияда білім алу және практикада іске асырып ойнап көру
Бұл форматта 2 позицияда 3 адамнан қарсы ойнайды. АПФ пен БПФ-ке қарағанда позиция қорғауда және сұрақ қоюда өзгешелігі бар.
11. Уақыт төрешісі (time keeper). Дебаттағы уақыт өлшемдері (2 сағ.)
Уақыт төрешісінің қызметі. Әр форматтағы позиция қорғау, ребатл, сараптама және сұрақ қою уақыттарын үйрету.
12. Төрешілік ету – маңызды қызмет (2 сағ.)
Төрешілік етуді үйрету. Төрешілік сараптамасы. Төреші парағы
13. Сауатты кейс құру – жеңіске бір қадам (2 сағ.)
Кейстің құрылымы: дефиниция, қалыптасқан жағдай, философия, аргументтер, факттер, қорытынды.
14. Дефиниция (кілт сөздер) (2 сағ.)
Кілт сөздер – қарардағы әр сөз бен сөз тіркесінің көріп отырған парламентарийге түсінікті қылып жеткізу үшін айталыды.
15. Философия дебатта (2 сағ.)
Қарарға немесе позицияға қатысты мақал-мәтел және қанатты сөздерді айту философия болып саналады.
16. SQ (статус куо). Қалыптасқан жағдай (2 сағ.)
SQ – статистикалық мәлімет немесе сол қарарға қатысты қоғамда қалыптасқан жағадайды айтып, түсіндіру.
17. Аргументация ж/е Факт (2 сағ.)
Аргументтің құрылымы: аргументтің атауы, түсіндірілуі, дәлелдеуі, қорытындысы
Қарарға қатысты фактілерді қалай іздеу керек екенін, ғаламтор және басқа да ресрстарды тиімді әрі сауатты пайдалануды үйрету.
18. Қарсылық нүктелері (ребатл) (2 сағ.)
Қарсылық нүктелері сапалы аргументтер мен сауатты фактілерден туындайды және ойынды тартысты әрі әділетті қылады.
19. Сараптама (2 сағ.)
Лидерлердің ойын бойынша айтатын салыстыру сөздері. Неге үкімет немесе оппозиция жеңді деген сұраққа жауап береді.
20. Еркін тақырып қарарларын талқылау (2 сағ.)
Оқушылардың өздерінің ойларынан қоғамдағы мәселелерге қаттысты қарарларды құрап үйрету.
21. Пікірсайыстағы 4 маңызды тақырып. Саясат (2 сағ.)
Пікірсайыстағы кез-келген қарарда айтылатын маңызды тақырыптар: саясат, экономика, құқық, әлеумет
22. Экономика (2 сағ.)
Экономикалық терминдерді пайдалануді үйрену.
23. Құқық (2 сағ.)
Құқықтық нормалар, кодекстер, заңдарды білу
24. Әлеуметтік мәселелер (2 сағ.)
Қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу үшін кез-келген қарарға әлеуметтік жағынан қарастырып үйрену.
25. Спикерлік ұпайлар. Фракция құру (2 сағ.)
Спикерлік ұпай 1-ден 25-ке дейін қойылады. Фракциядағы әр адамға жеке-жеке қойылады. Фракциядағы спикерлердің рөлі, атқаратын қызметтерін үйрету
26. 15 минутта жедел дайындалып үйрену (2 сағ.)
15 минутта кейс құрып үйрену
27. БПФ-тағы кеңейту (2 сағ.)
АПФ-тағыдай аргументтерді құру өте оңай емес, сол үшін жабушы үстелдер арасында ашушы үстелдердің арасындағы айтылған қарсылық нүктелерін кеңейту.
28. Үкімет. Оппозиция (2 сағ.)
Қарама-қарсы үстелдер үкімет пен оппозицияның қызметтері
29. Ашушы үкімет. Ашушы оппозиция. Жабушы үкімет. Жабушы оппозиция (2 сағ.)
Ашушы үкімет қарарды ашып береді, ашушы оппозиция ребатл жасайды және өз кейсін ұсынады. Жабушы үкімет ребатл жасайды және ашушы үкіметтің ұсынған кейсін кеңейтеді. Жабушы оппозиция ребатл жасайды және ашушы оппозицияның кейсін кеңейтеді. Жабушы үкімет пен жабушы оппозицияның екінші спикерлері сараптама жасайды.
30. Линкольн- Дуглос форматындағы қарарлар (2 сағ.)
Линкольн үкіметтің рөлінде, Дуглос оппозицияның рөлінде болады. Тек 1 адамнан қарама-қарсы ойнайды.
31. Тараптарды салыстыру (2 сағ.)
Салыстыру үшін екі тарапты екі әлем деп есептеу керек. Бір әлемде сол кейс бар, екінші әлемде жоқ.
32. БП: (2 сағ.) Қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар жолдарды көрсетеді
Бұл қарарда мектеп, орта, ата-ана қарым-қатынастары қарастырылады.
33. БП: ең жақсы білім беру жүйесі бар елді көрсетеді (2 сағ.)
Әлемдегі мемлекеттердің білім беру бағдарламаларын салыстырады.
34. БП: тарихтағы бір оқиғаны өзгертеді (2 сағ.)
Тарих сахнасында орын алған әр түрлі елдегі, әлемдегі жағдайларды сол уақытқа оралып алып тастайды, яғни болдырмайды. Ол оқиға болмаса қазіргі нәтиже қандай болатынын дәлелдейді.
35. Пікір-сайыс қызметі және маңыздылығы(2 сағ.)
ПОПС әдісін қолдану арқылы сайыс маңыздылығын көрсетеді
36. Аймақтық, аудандық, облыстық сайыс видеосын көріп, ой пікірлерін ортаға салады. (2 сағ.)
Көрген материалдарды пайдалана отырып, өз замандас,құрбы -құрдастарына жалпы сипаттама береді.
37. Қорытынды сабақ (2 сағ.)
Үйірмеге қатысқанда алған әсерлерімен бөлісу. Марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет