Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді


ЖШС «Батырдың» экономикалық қызметін жетілдіру жолдары



бет6/9
Дата06.02.2022
өлшемі214 Kb.
#80098
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Агрокурылым 15

2.2 ЖШС «Батырдың» экономикалық қызметін жетілдіру жолдары.

Кәсіпорынның қаржы жұмысы –экономикалық қызметтің басты бөлімі болып табылады.


Кәсіпорынның қаржы жұмысының негізгі мақсаты ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессін қаржы ресурстармен қамтамасыз ету және бөлінген қаражаттың дұрыс пайдалануына бақылау жасау.
Кәсіпорынның қаржы жұмысының негізгі бөлімдері мынадай:
1. Қаржы жоспарлау. Бұл жерде қаржылық жоспарының баланстық жоспары, кіріс пен шығыс жоспары, ақша қозғалысы жоспары,жасақталады.
2. Жабдықтаушылармен есеп айырсу. Бұл жерде жабдықтаушылармен келісім-шарт жасақталып, олармен есеп айырсуды жүргізу барысындағы қажетті құжаттар толтырылады.
3. Қаржы органдармен есептесу. Бұл жерде бюджетпен есеп айырысу бойынша, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу операциялары бойынша мәселелер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.
4. Айналым қаражаттары. Бұл жерде айналым қаражатын пайдалану тиімділігімен айналымдылығын үдету көтеру бойынша шаралар жасақталып жүргізіледі.
5. Несиелендіру. Мұнда несиені алу және қайтаруға байланысты есептеулер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.
6. Кассалық операциялар. Мұнда кәсіпорындағы қаржы жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, олардың қаржы жағдайына байланысты болады
Кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастыру - бұл бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір тәсілін нақты бір шаруашылық жағдайында пайдаланудың тәртібін белгілеу.
ЖШС “Батырдың“ қаржылық және өндірістік есебін, салық есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының заңдылығын есепке алады. Оларға жататындар: Қазақстан Республикасының “бухгалтерлік есеп туралы”, “салық кодексі”, “аудиторлық қызметі туралы”, “бухгалтерлік есеп стандарты” , тағы да басқа заңдылық нормативтік актілерді жатқызуға болады.
ЖШС “Батырда” бухгалтерлік есеп жұмыстары енді ғана компьютерлендіруге көшіріліп жатыр. Қаржы есебі қаржылық көрсеткіштерді өлшеумен байланысты олардың элементтері: табыс пен шығыстар болып табылады.Өнімді сатудан түскен түсімнен, олардың өндірістік өзіндік құнынан кезең шығындарын шегерген соң, қалған айырмасы табыс (зиян) болып есептеледі.
Өндірістік мақсаттағы негізгі құралға өндірістік емес негізгі құралға қарағанда алатын үлесі бірнеше есе жоғары. Ең көпүлесті алатын негізгі құралдар болып – көлік құралдары мен машина және құрал – жабдықтар табылады, ал ең аз үлесін басқалай негізгі құралдары алып отыр
Кәсіпорында қаржылық жұмыс бойынша жасалған үлкен кқзқараспен қарастырылады. Осы қаралған жұмыстың барлығы кәсіпорынның қаржылық жағдайына байланысты болады.
Қаржы жұмысының негізгі тапсырмасы болып табыстың жоғарлау жолдарын іздестіру және рентабельділігінің жоғарлауы, салымдар және басқа да шаруашылық кәсіптер, қаржылық органдардың алдындағы міндеттерді уақытында және толық орындау , сонымен қатар қаржы органдарының банктің жабдықтаушылардың, жұмысшылардың еңбекақы бойынша міндетті түрде уақытылы және толық орындау міндеті, мекемелер есебінен рационалдық басқару, басқару мен және тұлғалармен, қолданылған, алынған құралдар қаржылық реттеу және несиелендіру толық белгілеу, айналым қорларын сақтандыруды қамтамасыз ету және олардың қолданылу әсері, кассалық және қаржылық және қаржылық операцияларды ереже бойынша қалыптастыру.
ЖШС «Батырдың» шаруашылық іс-әрекетінің соңғы мақсатты нәтижесі болып пайда табылады. Салық және өзге де төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорынның таза пайдасы қалыптасады. Осылардың үш жылдағы мөлшерін білу үшін қаржылық нәтижесінен 5-кестеден көре аламыз. Сонымен ең соңғы көрсеткіш – ЖШС «Батырдың» қаржылық нәтижесіне тоқталайық.
5 – кесте
ЖШС «Батырдың» қаржылық нәтижесі. (мың теңге)





Көрсеткіштер

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

1

Өнімді өндіруден түскен табыс (сатудан)

438613

437613

328502

2

Өндірілген өнімнің өзіндік құны

417823


356830


247849


3

Өнімді сатудан түскен таза табыс

368434,9


367594,9


275941,7


4

Жалпы табыс

20790

80783

80653

5

Жиынтық табыс

49388

10764,9

28092,7

6

Кезең шығындары

37756

80616

79755

Соның ішінде: жалпы және әкімшілік шығындар

8370


25556


31904


7

Өндіру шығындары

22276

54031

47196

8

Пайыздық шығындар

-

1029

655

9

Негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс (зиян)

-16966


167


898


10

Негізгі емес іс-әрекеттен алынған кіріс (зиян)

41560


-


-866


11

Салық салуға дейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс (зиян)

31704


167


32


12

Корпоративтік табысқа салық

9511

50,1

9,6

13

Салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс (зиян)

22192,8


116,9


22,4


14

Төтенше жағдайлардан алынған кіріс

-


-


-


15

Таза кіріс, пайда

22192,8

116,9

22,4

Өнімді өндіруден түскен табыс жылдан-жылға өсетінін көреміз. Жалпы табысын табу үшін: Жалпы табыс = өнімді өндіруден түскен табыс - өндірілген өнімнің өзіндік құны. Ал, өнімді сатудан түскен таза табысты анықтау үшін әуелі өнімді өндіруден түскен табыстан ҚҚС ұстаймыз. Яғни, 438613*15% = 70178 мың теңге, содан соң өнімді сатудан түскен таза табыс = 438613 – 70178 = 368434,9 теңгеге тең. Жиынтық табысты анықтау үшін = өнімді сатудан түскен таза табыс - өнімнің өзіндік құны = 368434,9 – 417823 = - 49388 мың теңгеге тең. Негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс немесе зиянды жабу үшін = жалпы табыс – кезең шығындары = 20790 – 37756 = - 16966 мың теңгеге тең. Салық салуға дейінгі кәдімгі іс-әрекеттен алынған табысты анықтау үшін = негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс + негізгі емес іс-әрекеттен алынған кіріс = - 16966 + 41560 = 31704 мың теңге. Корпоративтік табысқа салықты анықтаймыз 31704*30% = 9511 мың теңге. Салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен алынған кіріс (зиянды) табу үшін 31704 – 9511 = 22192,8 мың теңгені құрады. Таза кіріс немесе пайданы табу үшін салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс – төтенше жағдайлардан алынатын кіріс = 22192,8-0 = 22192,8 мың теңге.


Таза кірістің бір бөлігі резервтік капиталды қалыптастыруға және толықтыруға аударылады. Сондай-ақ , таза пайда немесе кіріс өткен жылда шыққан зиянды жабуға жұмсалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет