Елбасымыз атап айтқандай, қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр



Дата31.01.2018
өлшемі57,74 Kb.
#36839

  • Елбасымыз атап айтқандай, қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекетіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң, білім беру жүйесі де сапасы жоғары, бәсекеге барынша қабілетті болу мақсатында реформаларға ұшырап жатыр. Бірақ, еліміз мұндай халге бірден келген жоқ. Тарихымызға көз шолсақ, қазақстан жерінде, әсіресе оның отырықшы аудандарында, VII-VIII ғасырларда діни білім беретін оқу орындары жұмыс істей бастады. Қазақстанның Ресейге қарап, әкімшілдік жүйе енгізе бастауына байланысты, орыс-қазақ мектептері ашыла бастады. Қазақ елінің КСРО мүшесі болған кезеңі – еліміздің ең түбегейлі өзгерістерге ұшыраған кезеңі деп білеміз. Әрине, оның тиімді де, тиімсіз де жақтары бар. Алайда, халыққа білім беру, кәсіптік білім беру, ғылым, өнер, әдебиет, мәдениеттің қарқынды дамуы ерекше орын алды. Олай болса, берілген жобада осы өзекті мәселенің қозғалғаны кездейсоқ емес.



  • Саламатсыздар ма! Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінің, біліктілікті арттыру бағдарламасында берілген жобада Қазақстан мен Ресейдің КСРО құрамында болғандағы білім беру жүйесіне көз жүгіртуді жөн көрдім. Бүгінгі сұхбатымды Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің профессоры Сейтқазы Перизат Байтешқызымен жүргіземін. Және де, менің жобама Ресейдегі Санк-Петербург қаласында оқитын Қазақстандық студент Тоимбек Динара комектеседі.



  • Здравствуйте уважаемые студенты и преподаватели Высшей школы образования Назарбаев Университета. Я, студентка 2-го курса факультета инфокоммуникационной системы и связи Санкт-Петербургского Национального исследовательского Университета информационных технологий, механики и оптики Тоимбек Динара. Так как советское образование касалось как Казахстана, так и Россию, данный проект мы решили интегрировать между двумя странами бывшего Советского Союза. Сегодняшнюю беседу я веду с профессором, доктором физико-математических наук, проректором СПНИУ ИТМО по организационно-административной работе Колесниковым Юрием Леонидовичем



  • Мен Сейтқазы Перизат Байтешқызы, 1966 жылы Павлодар облысының Май ауданында дүниеге келгенмін. Сол жерде орта білімді 1983 жылы бітіріп, кейін Алматыдағы Қыздар Педагогикалық Институтына мұғалім мамандығына тапсырып, сол мамандығым бойынша білім алып, кейін институтта жұмысқа қабылданып, 12-13 жылдай сол Қыздар Институтында оқытушы қызметін атқардым. Сонымен қатар, жастар ұйымы қызметшісі жұмысын қатар атқардым. Одан кейін Астананың астана болуына орай, осы жаққа ауысып, бүгінгі күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры болып қызмет жасап жатырмын. Осы жерде 15 жыл болды, білімгерлерге білім беріп, оларды тәрбиелеп келе жатырмын.



  • Меня зовут Колесников Юрий Леонидович, я являюсь проректором Санкт-Петербургского Национального Исследовательского Университета информационных технологий, механики и оптики, доктор физико-математических наук, профессор. Я родился в 1957 году на Сахалине, на далеком острове в семье военнослужащего. В моем раннем возрасте моего отца перевели по службе, и семья переехала в Ленинград, и с тех пор я живу и работаю в Ленинграде, теперь в Санкт-Петербурге. Я окончил среднюю школу в г. Ленинград, 1974 году, поступил тогда в Ленинградский Институт механики и оптики, закончил его 1980 году с отличием и получил специальность «инженер-исследователь в области оптических, оптико-электронных приборов». И с тех пор я работаю в нашем институте, который впоследствии стал университетом.



  • Мен орта білімді Павлодар облысы, Май ауданында алдым. Мектепте оқып жүрген кезімде, баршаға белгілі, Солтүстік облыстарында қазақ мектептері өте аз болатын. Оның өзінде қазақ сыныбына баратын адамдар аз болатын. Елдің барлығы сол кездегі саясаттың, идеологияның арқасында балаларын орыс мектептеріне беруге тырысатын. Сондықтан, қазақ сыныптарында ең көп дегенде 6-7 оқушылар болатын. Бірақ, елдің барлығы балаларын орыс сыныптарына беріп жатқанына қарамастан, өзімнің қалауымен қазақ сыныбына барып, 10 жылдықты қазақ сыныбында бітірдім. Сол кездегі шешіміме қазір қатты қуанамын да, өйткені егемендігімізді алғалы заман толығымен өзгерді. Солтүстік өңірінен келсем де, қазіргі уақытта өзімнің ана тілімде сөйлей алатыныма қатты қуанамын. Мектепте білім алған мұғалімдеріме бүгінгі күнге дейін ризашылығымды білдіремін, өйткені сол кісілердің бастауыш сыныптан бастап бітіргенге дейін тыңғылықты білім беріп, дұрыс бағыт беріп, азамат ретінде тәрбие бергеніне рахметімді айтамын. Ең бір атап айтқым келген нәрсе, мұғалімдерімнің мені мұғалімдік қызметіне бейімдей алғаны, мұғалімдік мамандыққа қызығушылығымды тудырғаны. Сол арман мені жетелеп, кейін мұғалімдік мамандықты таңдауға әкелді. Мектепте болған қиындықтарды айтсақ, ең бірінщі мәселе ол – кітап. Қазақ тіліндегі кітаптар және қазақ тілінде беретін мұғалімдер азтұғын, ол тіпті мектепте ғана емес, жоғарғы оқу орнына барғанда да 1980 жылдардың ортасында жолықтық. Мысалы, бір семестрде 7-8 пән болатын болса, соның 2-3 пәні ғана қазақ тобының өзінде қазақша өтеді да, қалғандары орыс тілінде өтетін. Бұл – сол кездегі қазақ тілінде беретін мамандардың жетіспеуі, бұндай проблема бізде болды. Мысалы, қазақ тобында отырып, орысша дәріс тыңдау, мұғалімнің сұрақтарына орысша жауап беру Солтүстіктен келген студенттерге айтарлықтай қиындық туғызбағанымен, Оңтүстік жақтағы қаймағы бұзылмаған, қазақтардың көп қоныстанған жерлеріндегі, тек қазақша оқыған студенттер үшін қиындықтар туғызатын. Мамандардың жетіспеуімен қатар, оқулықтар да жетіспейтін. Демек, сабаққа дайындалғанда мұғалімдердің дәрістерін оқып келумен шектелетінбіз.



  • Говоря про образование в Советском союзе, то оно имело много отличительных особенностей, и одна из них связана с качеством, фундаментальностью образования. То что образование было хорошим можно говорить по многим параметрам, в том числе по международному конкурентоспособности. Так уж получилось, что в годы перестройки и в последующие годы многие наши соотечественники оказались в различных странах, и в принципе все они оказались успешными – они работают в тех областях, где получали образование, являются профессорами, ведущими научными сотрудниками во многих зарубежных корпорациях, и в США, Англии, Франции. Поэтому недостатка в образовании не было. Было может быть недостаточная языковая подготовка, какие-то другие коммуникационные особенности, но я никогда не слышал, общаясь со своими коллегами, сверстниками, что кому-то не хватало образования. Если человек обладал работоспособностью и желанием адаптироваться во всех условиях труда, в которую привела его жизнь, то он обладал необходимой конкурентоспособностью и сумел найти свое место в жизни. Поэтому, говоря о достоинствах можно список продолжать, а говоря о недостатках советского образования – это конечно замкнутость и нацеленность на решение задач оборонно-промышленного комплекса. С одной стороны, оборона – это хорошо, с другой стороны, когда большие силы были отвлечены от реального процесса производства, а занимались производством узкоспециализированной военной техники – это была существенной проблемой. Это во многом определяла структура образования, потому что всех готовили по инженерным специальностям, срок обучения в ВУЗ-ах был 5-6 лет в зависимости от специальности подготовки, и обучаемых ВУЗ-ов. Наш университет тогда имел оборонную направленность. Поэтому у нас был повышенный срок обучения – 5,5 лет по большинству специальностей, которым нас готовили. Это определенно накладывал отпечаток на характер образования, не было мобильности, не было модульности, была строго выстроенная система подготовки. Если человек по окончанию ВУЗ-а не работал по специальности, то конечно ему приходилось переучиваться. Но, не надо забывать, что в советское время было распределение. Опять таки к этому можно относиться по разному, кто то говорит что это плохо, что это ограничивало права учащихся, кто то считает что это хорошо, потому что было гарантированное место трудоустройства. Хочу отметить, что мои сверстники, кто со мной заканчивал институт в 1980 году, те, кто поехали по распределению, они в этих городах и остались. Не все они работают на тех предприятиях, куда были направлены, они отработали свой срок, но они получили квартиру, они вписались в социо-культурную среду и в принципе большинство в этих городах остались. Это тоже характеристика нашего общества, и такие факты тоже нельзя сбрасывать со счетов. Подводя итоги характеристики советской системы – она была, мы все вспоминаем о ней с добрым словом, с благодарностью к своим учителям, с благодарностью к своим ВУЗ-ам. В мое время она выполняла свою функцию. Изменилось государство, изменились требования, появились новые высшие школы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет