Толқын ұзындығы деп, толқынның таралу бағытынан алынған және тербеліс фазалары 2π-ге тең айырмашылықта болатын екі нүктенің ең жақын ара қашықтығын айтады:
Периодқа тең уақыт ішінде толқын ұзындығы толқын ұзындығына тең қашықтықты жүріп өтеді. Комплекстік шама таралу коэффициенті деп аталады:
- өшу коэффициенті, ол тура және кері толқындарының амплитудаларының өшуін сипаттайды.
- фаза коэффициенті, ол фаза өзгерісін сипаттайды.
Толқындық кедергі тиісті кернеулер арқылы тура және кері толқындардың токтарын анықтауға мүмкіндік береді.. Комплекстік толқындық кедергі
.
Желінің кірістік кедергісі деп желінің басындағы режимді есептегенде желі мен қабылдағышты бірге балама айырбастауға болатын екіұштықтың кедергісін айтады:
.
Кірістік кедергіні желінің бос жүріс және қысқаша тұйықталу режимдері кезіндегі кірістік кедергілері арқылы анықтау ыңғайлы:
Сипаттамалық кедергіні және таралу коэффициентін де Zбж , Zқт арқылы табуға болады:
Толқынның шағылысу коэффициенті деп кері толқын мен тура толқындардың комплекстік кернеулерінің немесе токтарының қатынасын айтады: .
Егер желінің соңындағы жүктеменің кедергісі толқындық кедергіге тең болса , онда толқынның шағылысу коэффициенті нольге тең. Бұл жағдайда желіде шағылысқан (кері) толқын болмайды. Осындай жүктемені келісімді немесе шағылыссыз жүктеме деп аталады.
Негізгі әдебиет: 1 [220 - 232, 235-244].
Қосымша әдебиет: 5 [454 – 458, 460– 466], 6 [344 – 352].
Бақылау сұрақтары:
Таратылған параметрлі тізбек туралы түсініктеме беріңіз. Ұзын желі деп нені айтамыз?
2. Ұзын желінің балама сұлбасындағы бойлық және көлденең кедергілер желінің қандай ерекшеліктерінен туындайды? Желінің бірінші ретті параметрлерін атаңыз.
3. Қандай режимді қалыптасқан режим деп атайды? Кернеу мен токтың өзгерісінің комплекстік теңдеуін көрсетіңіз. Тура толқын және шағылысқан толқын туралы түсініктеме беріңіз.
4. Біртектес желінің гиперболикалық функциялар арқылы өрнектелген теңдеуін жазыңыз.
5.Біртектес желінің сипаттамаларын атаңыз. Таралу жылдамдығы деген не? Желінің сипаттамалық кедергісі деген не?
6.Фазалық жылдамдық, толқын ұзындығы қалай анықталады?
№14,15 Дәріс. Ұзын желілердің түрлері. Тұрғын толқын. Желіні төртұштық ретінде қарастыру. Тұрақты токтың сызықты емес тізбектері. Оларды талдау тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |