Elc5431 электротехниканың теориялық негіздері 2 ПӘні бойынша дәрістер жинағЫ



бет31/40
Дата13.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#168565
түріҚұрамы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
ELC5431 Теоретические основы электротехники II

Ажыратылған желіні қарастырайық.. Бұл бос жүріс режимі кезінде . Сондықтан
.
тең кезінде кернеудің және токтың лездік мәндері:
.
Бұл теңдеулер тұрғын толқынның теңдеулері болып саналады. Ажыратылған шығынсыз желінің кірер кедергісі , яғни таза реактивті және оның сипаты желі ұзындығы Х-пен, жиілікпен анықталады.
Қысқа тұйықталған желіні қарастырайық.. Қысқа тұйықталған желіде , сонда

Лездік мәндері: , яғни кернеу және ток тұрғын толқын болып саналады.
Шығынсыз желінің қысқа тұйықталган кезіндегі кірер кедергісі таза реактивті, ол желі ұзындығына, жиіліке байланысты индуктивті немесе сыйымдылықты болуы мүмкін.
Таза реактивті кедергі жүктемесіне жалғанған желі. болғанда желіде тұрғын толқын болады. Сондықтан реактивті кедергілі жүктемесі бар желі ажыратылған немесе қысқа тұйықталған ұзын желіден ешқандайда айырмашылығы жоқ.. Тек желі соңында реактивті кедергісімен жүктелген желіде не токтың, кернеудің шоқтығы да түйіні де болмайды. Кез келген уақыт мерзімінде түйіндердегі ток немесе кернеу нольге тең. Сондықтан, қуат әруақытты нольге тең және осы нүктелерде энергия болмайды.
Желінің теңдеулерін төртұштықтылар теңдеулерімен салыстырамыз:
.
Ұзын желіні симметриялы төртұштық деп қарастыруға болады, олай болса олардың коэффициенттері бір-біріне тең болады:
.
Бұл теңдіктер төртұштық үшін де, ұзын желі үшін де орындалуға тиісті: Кез келген симметриялы төртұштықтыны П- және Т- тәрізді орнын алмастыру схемасы түрінде келтіруге болады.
Сызықты емес элементтері бар электр тізбектерін сызықты емес электр тізбектері деп атайды. Сызықты емес элементтерді мынадай топқа бөледі: сызықты емес кедергі, сызықты емес индуктивтілік және сызықты емес сыйымдылық.
Сызықты емес кедергінің (СЕК-нің) сызықты кедергіден айырмашылығы –олардың вольт-амперлік сипаттамасы сызықты емес болып келеді. Вольт-амперлік сипаттама ( в.а.с.) деп кедергі арқылы жүрген токтың ондағы кернеуге тәуелділігін айтады. Сызықты емес кедергілер өз кезегінде екі топқа бөлінеді: басқарылмайтын СЕК және басқарылатын СЕК. Басқарылатын СЕК-тің негізгі тізбегінен басқа қосымша немесе басқарушы тізбегі болады және олардың в.а.с. қисық сызықтардың жиынтығынан құралады. Басқарылмайтын СЕК-лер тобына қыздыру шамы, электр догасы, бареттер, газотрон, тириттік және вилиттік кедергілер, жартылай өткізгіштік түзеткіштер ( диодтар) және т.б. кіреді.
Басқарылатын СЕК-лер тобына транзисторлар, тиристорлар және және т.б. кіреді.
5 4а-суретте металдан жасалған сымы бар электр шамының в.а.с. көрсетілген. Сым арқылы неғұрлым көп ток жүрсе, соғұрлым ол қатты қызады, соған сәйкес оның кедергісі де арттады.
54б-суретте тириттік және вилиттік кедергілердің, кейбір терморезисторлардың және көмір сымды электр шамының в.а.с. көрсетілген. Ток көбейген сайын олардың кедергісі азаяды. Токты бір бағытта өткізетін селендік, кремнийлік және германийлік түзеткіштердің в.а.с.-ы 54в-суретте, ал тринистордың в.а.с.-ы 54г-суретте көрсетілген.
Есептеу үшін мына тәсілдерді қолдануға болады:
- екі түйіндік тәсіл;
- бірнеше өзара параллель жалғанған тармақтарды бір балама тармақпен айырбастау тәсілі;
- бос жүріс және қысқаша тұйықталу тәсілі.
Сызықты емес тізбекті есептеуге дейін оның құрамына кіретін элементтердің в.а.с.-лары белгілі болу керек. Сызықты емес тізбекті есептеу әдетте графикалық жолмен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет