Әсия (сенімді). Сұрап жатқан Ерік Көбенович!
Әкім. Мейлі. Президент пен Премьерден басқаның бәріне жоқпын мен.
Әсия (күмілжіп). Е-Е-Ерік Көбенович ашулы сияқты.
Әкім (сесі басылыңқырап). Ерік Көбенович! (Сәл ойланып қалып барып). Мейлі. Телефонды ала алмайды, жалпы, бүгін сөйлесе алмайды де. (Хатшы қыз шығып кетеді). Ол кісіге жеткізіп жүрген Қасым Хасенович-ау, ә. Қызметтік құпияны сақтаса қайтеді екен бұл кішкене бір?!
Прокурор. Қасқабай Төреқұлович, бұл – ешқандай құпия бола алмайтын жағдай. Бұл – сенсация, бұлтсыз күнгі найзағай, елді дүрліктіретін оқиға.
Генерал. Төтенше оқиға.
Әкім (кекесінмен). Мүмкін, сіздер соғыс жағдайын жарияларсыздар? Шынында, жарияласа дұрыс болар еді. Бұл – соғыс. Бұл – парақорлықпен, оның шақыртқысы жемқорлықпен соғыс. Ал, қашаннан соғыста біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Не мен жеңіп, бұл облыста қоғамның сұмпайы кеселі – парақорлық жойылып, мерейім үстем болады, не парақорлықтан өткен кесепат – сыбайластық үстемдік алып, мені мертіктіреді. Басқа жол жоқ.
Прокурор. Қасқабай Төреқұлович, бәрі түсінікті. Сіз дереу бізге кабинетіңізді босатып бере тұрыңыз. Енді кішкенеден соң бұл жерде опыр-топыр басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |