Әкім. Ол – сыйлаған емес, пара.
Мұсылманқұлов. Олар жылда менің туған күніме де дәл осындай сыйлық әкелетін. Одан олар кедей болып, мен байып кеткеніміз жоқ. Тек сыйластығымыз артты, түсінісіп жұмыс істедік. Міне, қазір де олар мені пана тұтып отыр.
Әкім.Ерік Көбенович, мен де сізді сыйлаймын. Сол сыйласқан күйімізде қалғанымызды қалаймын. Егер сіз де мені сыйласаңыз, бұл іске араласпаңыз.
Мұсылманқұлов (өршеленіп). Қалай араласпаймын, бұл оларды емес, мені әшкерелеу. Президент аппаратындағылар да, үкіметтегілер де: «Аудан әкімдерінің әдеті еді, жаңа әкім жарады. Мұсылманқұловтың әкімдерінің әкесін танытыпты» демей ме.
Әкім. Мен ол жағын ойламаппын. Аудан әкімдерінің сізбен сыбайлас екенін де білген емен. Олар мені парамен сатып алмақ, жалтақ қылып қоймақ дедім де осындай қадамға бардым.