Мұсылманқұлов. Нұрқат, айтшы, Қасқабай қандай әкім?
Генерал. Жақсы әкім. Ұстанымды, талапшыл, бәрін түсінеді?
Мұсылманқұлов. Түсінгені осы ма, аудан әкімдерін қаматқаны?
Генерал. Осы. Өте дұрыс істеп отыр. Бұл облыста парақорлық әбден асқынған. Менің білуімше, сіздің Шымқалаңыздан қалыспайды. Парақорларға осындай бір шешімді әрекет керек еді, мынау – сол. Әрине, қармақтың әкімдерді қапқаны өкінішті-ақ.
Мұсылманқұлов. Бәрі – өзім тағайындаған әкімдер.